RU

Оңтүстікте жұрттың үстіне жаппай жара қаптап жатыр

Отырар ауданына қарасты Аққұм ауылының тұрғындары 4 айдан бері жаппай тері ауруымен әуре болып жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Айтуларынша, шіркей мен маса секілді жәндік шаққаннан пайда болған лейшманиозбен қазір ондаған адам ауырады. Дегенмен, өңірдегі шенеуніктер жайбарақат. Олардың мәліметі бойынша, ауданда бар-жоғы 3 жағдай тіркеліпті.

Сырдария бойында орналасқан Аққұм ауылының тұрғындары жаздан бері қышынып әлек. Лейшманиоз деп аталатын тері ауруы мұндағы жұрттың жас пен кәрісіне қарамай жаппай шығыпты.

Аққұм ауылының тұрғыны Мадина Ыдырысованың айтуынша, оның алты баласын төртеуіне осы диагноз қойылған.

Негізінен қауын егумен аты шыққан ауылда шіркей мен маса биыл ерекше көп болыпты. Дәрігерлер тұрғындарға сол жәндіктер шаққаннан деп ескерткен. Бір шықса айлап жазылмай, іріңдейтін індеттен, әсіресе, мектеп оқушылары зардап шегуде.

Аққұмдағы ахуалдан аудандағы атқамінерлер хабарсыз секілді. Сұхбат барысында лейшманиоз Отырар ауданы үшін қалыпты жағдай деп, біресе ондай ауру биыл бірлі-жарлы тұрғында ғана шықты деп әбден шатасты. Бүкіл аудан бойынша бүгінгі күні 3 адам ғана лейшманиоздан емделіп жатыр деген шенеунік түсіру тобы көрген жараны басқа індет деп қойып қалды.

Отырар ауданы әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш бұл ауру ауданда бұрыннан бар.

"2016 жылы 12 айында 3 жағдай тіркелген. Жалпы, лишманиоз деген жара бұл шындығын айтуы керек бала кезімде маған да шыққан. Бұл жалпы біздің ауданда кеңес дәуірі кезінен кездесетін жараның бірі", - деді ол.

Әкім орынбасары айтқан мәлімет Аққұм ауылында көрген құжатпен үйлеспейді. Яғни, біз көрген медициналық құжатта бір мектептің өзінде 27 оқушыға лейшманиоз диагнозы қойылғаны көрсетілген.

Бұл ақпаратты облыстық тері-венерологиялық аурулар диспенсері де растады. Олар берген ақпарат бойынша, Отырарға көршілес Мақтарал және Шардара аудандарынан да лейшманиозбен ауырып келіп жатқандар жетерлік.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Асхатты қойып, енді анасымен дауласқым келмейді

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

Елімізде мереке күндері 36 градус аяз болады

Ақтөбелік тұрғын Сапарбаевты қол астындағы қызметкерлері алдап отырғанын айтты

Павлодарлық кәсіпкер 4 жетім балаға төрт бөлмелі пәтер сыйға тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350272-onhtustikte-zhurttynh-ustine-zhappay-zhar.html