RU

Газ құбырын іске қосуға келген Түркістан әкімін рұқсат қағазсыз кіргізбей қойды (фото)

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай Түркістанда газ құбырын іске қосу шарасына келген қала әкімі Әліпбек Өсербаев ыңғайсыз жағдайға тап болды. Мекемедегілер шаһар «мэрінен» арнайы рұқсат қағазын талап етті деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның аймақтық филиалы мамандарының айтуынша, газ құбырының тізгінін босатушы адам оған дайын екендігін растап, құжатқа қол қоюы қажет. Талап сондай. Талаптан ары аса алмаған Әліпбек Өсербаев оны орындаған соң барып құбырды іске қосты.

Айта кетейік, «Бейнеу-Бозой» магистралды газ құбыры арқылы түркістандықтар табиғи көгілдір отынға қол жеткізіп отыр. Жобаның құрылысы былтыр басталған. Оған облыс қазынасынан 1 млрд 120 млн теңге жұмсалған. Қазіргі таңда «Сауран» ықшамауданына толығымен газ тарату жүйелері жүргізіліп, жеке тұрғын үйлерге кіргізу жұмыстары жүріп жатыр.

Көгілдір отынның алғашқы тұтынушысы, 66 жастағы Бибіажар Дүйсебаева өткен күндерін еске алып, газбен қамтылу туралы ой үш ұйықтаса да түсіне де кірмегенін айтты.

«Мен осы үйге келін болып түскелі бері қыстай көмір мен ағаш тасу, күл шығарып от жағу – негізгі жұмысым болатын. Осылай жүріп ұл-қыз өсірдік. Қалаға газ келіп, осылай еркін жүремін деп тіптен ойламаппын. Елбасымыз Назарбаева рахмет», - деп ағынан жарылды 15 немеренің әжесі Бибіажар Дүйсебаева.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Асхатты қойып, енді анасымен дауласқым келмейді

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

Елімізде мереке күндері 36 градус аяз болады

Ақтөбелік тұрғын Сапарбаевты қол астындағы қызметкерлері алдап отырғанын айтты

Павлодарлық кәсіпкер 4 жетім балаға төрт бөлмелі пәтер сыйға тартты (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350445-gaz-qubyryn-iske-qosugha-kelgen-turkis.html