RU

Есікте бойжеткенді зорлаған төрт жігіттің туыстары болған жайтқа қатысты өз нұсқасын ұсынды (фото, видео)

Алматы облысы Есік қаласында бойжеткенді зорлағаны үшін сотталғандардың туыстары болған жайтқа қатысты өз нұсқасын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Баспасөз жиынын ұйымдастырғандар қатарында Ермеков Алмастың анасы Ермекова Лилия мен оның жақындары бар. Олар зорлық болған түні жағдай мүлде өзгеше болғанын алға тартты.

"Жігіттер үйіне кетіп бара жатқанда, алдарынан Жібектің ағасы жолды бөгеді. Ол көлікті тоқтатты. Жолда екі бойжеткен жабылып бір қызды соққыға жығып жатты. Оларға араша түскеннен кейін, Жібек жігіттердің көлігіне отыруға өзі сұранды. Себебі, қатты мас күйде болған. Тіпті өз мекенжайын да айтатын күйде болмағандықтан, олар Жібекті қонақүйге қалдыруға бел буды. Олар қонақүйде бос орын іздеп жатқанында, үш көлікпен бір топ жігіт келіп жетті. Олар бірден тап бергендіктен, төрт жігіттің екеуі қашып кетті", - дейді баспасөз жиынына келген сотталушы тараптың өкілдері.

Олардың сөзіне сенсек, Жібек Бектұрсын есімді сотталушымен Ермековтер кафеге келгенге дейін өз еркімен төсектес болған. Ал кейін Ермековтердің көлігіне өз қалауымен отырған.

Тіпті, сотталушылар полициядан жасырынбай, бөлімшеге өз еркімен келді деген Ермековтің адвокаттарының бірі сараптама нәтижесіне де күмән келтірді. Айтуынша, сот сараптамасы геморрой сырқатын зорлаудан кейінгі келтірілген залал ретінде көрсеткен.

Адвокаттар жақын арада апелляциялық шағым түсірмек.

Еске салсақ, 28 қараша күні Есікте бойжеткенді жабылып зорлаған төрт жігіт сотталып кеткен болатын. Айыпталуышлар сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Тағы да оқыңыздар:

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Желтоқсанда алаңға шыққан бойжеткен мектепте еден жуушы болып жүр (фото)

Газ құбырын іске қосуға келген Түркістан әкімін рұқсат қағазсыз кіргізбей қойды (фото)

9 жасар қыз мүгедек әкесі мен қарт әжесін жалғыз өзі бағып отыр

Алтай тауларындағы көшпенділердің таң қаларлық өмірі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350494-esikte-boyzhetkendi-zorlaghan-tort-zhig.html