RU

Күзетші сүйіктісіне сезімін білдірмек болған студенттің жоспарын күл-талқан етті (фото)

Сүйіктісіне сезімін білдірмек болған студенттің жоспарын күл-талқан еткен күзетші жұрттың ашуын келтірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы telegraf.com.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Студент ғашығын отқа лаулаған жүректің кескінімен күтіп алмақ болады. Осылайша сезімін білдірмек болған қытайлық жігіт 12 желтоқсан күні ғимарат алдында жүректі жағуға кіріседі.

Алайда ғимарат күзетшісі бұл әрекетті қауіпті деп танып, өрт сөндіргіш құралымен атып шыққан. Ол лаулаған жүректі тосынсыйды көруі тиіс бойжеткен келмей тұрып сөндіріп тастады.

Бұл жайтқа куә болғандар студент жігітке мойымай, тағы бір мәрте сезімін білдіріп көруге кеңес берді.

Тағы да оқыңыздар:

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Желтоқсанда алаңға шыққан бойжеткен мектепте еден жуушы болып жүр (фото)

Газ құбырын іске қосуға келген Түркістан әкімін рұқсат қағазсыз кіргізбей қойды (фото)

9 жасар қыз мүгедек әкесі мен қарт әжесін жалғыз өзі бағып отыр

Алтай тауларындағы көшпенділердің таң қаларлық өмірі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350541-kuzetshi-suyiktisine-sezimin-bildirm.html