RU

Қазақстанның 25 жылдық тарихы 3 минуттық бейне роликке сыйып кетті

"Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 3 минут ішінде" бейне ролигінің авторлары қысқа бейнеге Қазақстанның ширек ғасырлық тарихын кіргізе білген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 3 минут ішінде" бейне ролигін Қазақстан тұңғыш президентінің қоры түсірді. Авторлар шалқымасыз фотосуреттерден тұратын бейнеде Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бергі маңызды оқиғаларды көрсете білген.

Бейне роликте елдің жетістіктерімен қатар Алматыдағы террорлық акт, Жаңаөзендегі оқиға, Қызылағаштағы су басу секілді қайғылы оқиғалар көрсетілген. Сондай-ақ "Патамушта-патамушта министрі" деп аталып кеткен Қазақстанның бұрынғы еңбек министрі Серік Әбенов те, америкалық комиктің кейіпкері Саша Коэн Борат та келтірілген.

Тағы да оқыңыздар:

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Желтоқсанда алаңға шыққан бойжеткен мектепте еден жуушы болып жүр (фото)

Газ құбырын іске қосуға келген Түркістан әкімін рұқсат қағазсыз кіргізбей қойды (фото)

9 жасар қыз мүгедек әкесі мен қарт әжесін жалғыз өзі бағып отыр

Алтай тауларындағы көшпенділердің таң қаларлық өмірі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350611-qazaqstannynh-25-zhyldyq-tarikhy-3-minuttyq.html