RU

Шымкентте бойжеткен өзенге секіріп, мерт болды

Шымкентте 14 желтоқсан күні 25 пен 30 жас аралығындағы келіншек Бадам өзеніне секіріп, мерт болды деп хабарлайды "ТВК" арнасы.

Қайғылы жағдай түскі сағат 12-лер шамасында жұрттың көз алдында орын алған. Әйел азаматша көпірдің жақтауына келіп, суға өзін тастамақ болғанда куәгерлер оны тоқтатуға әрекеттенген. Алайда, ол ешкімнің сөзін елемеген. Дәл осы кезде тазалық мекемесінің жұмысшылары өзен маңында болған.

Олар дер кезінде көмекке ұмтылғанымен, оның өміріне араша бола алмады. Куәгерлердің сөзінше әйелдің үйі жақын маңда болуы мүмкін. Мәйітті алып кетуге келген келіншектің туыстары әбден абдырап қалды.

Әпкесін жоқтап қайғырған бауыры да, өзін өзенге тастамақ болды. Бірақ полицейлер оған жол бермеді. Тәртіп сақшылары жағдайдың нақты қалай орын алғанын анықтайтын болады.

Тағы да оқыңыздар:

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Желтоқсанда алаңға шыққан бойжеткен мектепте еден жуушы болып жүр (фото)

Газ құбырын іске қосуға келген Түркістан әкімін рұқсат қағазсыз кіргізбей қойды (фото)

9 жасар қыз мүгедек әкесі мен қарт әжесін жалғыз өзі бағып отыр

Алтай тауларындағы көшпенділердің таң қаларлық өмірі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350698-shymkentte-boyzhetkeg-ozenge-sekirip-m.html