RU

Назарбаев: Мен бақытты саясаткермін

«Хабар» телеарнасының арнайы бағдарламасына шыққан Нұрсұлтан Назарбаев 25 жыл бұрын еліміз қалай тәуелсіздік алғанын баяндап, өзінің бақытты саясаткер екенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Билікке жол тартқан кез келген саясаткер, әсіресе елде ең жоғары билікті қалайтын адам өз жоспарларын анық білуі тиіс, не істегісі келетінін, халқын қандай шыңдарға жеткізгісі келетінін ойлану керек. 

Егер ол ойын жүзеге асыра алса, бақытты саясатер болғаны, мен дәл сондай саясаткер екенімді жасырмаймын. Сол үшін тағдырыма және менімен бірге жұмыс істегендерге алғыс білдіремін", - деп ағынан жарылды президент.

Президент өз арманы туралы айтып берді.

«Жеткен жетістіктеріңе қуана отырып, болашақ туралы ойланасың: жетістікті қалай нығайта түсуге болады, Тәуелсіздік эпопеясы қалай жалғасын табады, жаңа шыңдарды қалай бағындырамыз. Біз жаңа шыңды белгілеп қойдық - әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына ену... Бұл арман...

Арманың барда, оны жүзеге асыратын күш те табылады. Біз сол арманды жүзеге асыру үшін бар күшімізді саламыз.

Біз заманауи талаптардың деңгейіне өзгелерден қалыспай қалай жетеміз деген сауалға мен қатты алаңдаймын. Алайда осы 25 жылда қалай күш салсақ, алдағы уақытта дәл сондай күш жұмсасақ - бірлесе, сеніммен, достықпен - біз бәріне де қол жеткіземіз", - деп сенім білдірді президент.

Тағы да оқыңыздар:

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Желтоқсанда алаңға шыққан бойжеткен мектепте еден жуушы болып жүр (фото)

Газ құбырын іске қосуға келген Түркістан әкімін рұқсат қағазсыз кіргізбей қойды (фото)

9 жасар қыз мүгедек әкесі мен қарт әжесін жалғыз өзі бағып отыр

Алтай тауларындағы көшпенділердің таң қаларлық өмірі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350867-nazarbaev-men-baqytty-sayasatkermin.html