RU

Жақсыбеков Астанаға әкім болатынын түн ішінде естіген

Президент әкімшілігінің басшысы әрі Астананың алғашқы әкімі Әділбек Жақсыбеков «Хабар» арнасындағы арнайы жобада Астананың бірінші әкімі қызметіндегі қиындықтарын баяндады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

1997 жылдың 10 желтоқсанында әкім болып сайланған Жақсыбеков сол уақыттың қызықтарын айтып берді.

"Нұрсұлтан Әбішұлы. Сол кезде сендім бе? Сенбедім де, білмедім де. Тек сол кезде тәулік бойы жұмыс істедік. Сіз мені түн жарымда қызметке тағайындадыңыз. Түнде хабарласып, "ертең әкім болып тағайындаласың, бұл менің өмірімдегі ең маңызды жоба. Сенім негізінде жұмыс істейтін боламыз, сенімімді ақтамасаң, барыңнан", - деп президенттің сөзін есіне ала бастады Жақсыбеков.

"Айырыласың", - деп сөзін бөлді президент.

"Бұл үлкен жұмыс еді... Бұл жобаға сенген жалғыз адам сіз екеніңізді бәріміз де білеміз. Бүгінде қаланы аралап, Қабанбай батыр көшесіне тоқтаған сайын, ол жерде кезінде ен дала, тіпті саз батпақ болғанын есіме аламын. Ал президенттің резиденциясы - Ақорда орналасқан жерге ең алғашында біз тікұшақпен қонған едік, себебі көлікпен жету мүмкін болмады. Қамыстар мен саз батпаққа толы еді. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы "Мұнда көше болады, ана жерге былай істеу керек" деп түсіндіре бастады. Мен әрине басымды изеп тұрдым, алайда сене қоймадым", - деп ағынан жарылды экс-әкім.

Жақсыбеков жылы Алматыдан кейін шенеуніктерге Астананың суығына үйрену оңай болмағанын жасырмады.

"Бір күні Астана қардың астында қалғанда, президент шетелдік іссапардан келе алмай біраз сабылдық. Әуежай жабық. Бәрі жабылып қалды. Кейін президент Көкшетауда қонатын болып, оны сол жерден көлікпен күтіп алуға шықтық. Техника, тракторларды алып, темір жолды тазарттық. Өзіміз пойызбен қайттық. Президентті күтіп алғанда, суықта, боранда қанша уақыт ұшқаны үшін көңіл-күйі болмай, ұрысатын шығар деп ойладық. Ол шықты да "Борап тұр ма?" деп сұрады. Әріптестер "иә, борап тұр, суық" деп жауап қатты. Нұрсұлтан Әбішұлы болса, "Қалай керемет борап тұр, қандай әдемі, неткен таза ауа, біздің Астанада", - деп көпшіліктің еңсесін көтерді", - дейді Жақсыбеков.

Тағы да оқыңыздар:

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қандай нәубеттерді басынан кешірді?

Желтоқсанда алаңға шыққан бойжеткен мектепте еден жуушы болып жүр (фото)

Газ құбырын іске қосуға келген Түркістан әкімін рұқсат қағазсыз кіргізбей қойды (фото)

9 жасар қыз мүгедек әкесі мен қарт әжесін жалғыз өзі бағып отыр

Алтай тауларындағы көшпенділердің таң қаларлық өмірі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350870-zhaqsybekov-astanagha-akim-bolghanyn-tu.html