RU

Ақтөбелік терроршы: Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын (фото)

Интернетте ақтөбелік терроршылардың өз әрекеті үшін өкінетіндерін айтып, кешірім сұраған видеосы жарияланды. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін тек арнайы қызмет өкілдеріне ғана қолжетімді болған кадрлардан құралған деректі фильм ешқандай жарнамасыз жарияланды.

Басты кейіпкерлер - бесінші маусым күні Ақтөбеде террорлық шабуыл жасағандар.

Телеарнаның айтуынша, шабуыл кезінде түсірілген кадрлардың денін қазақстандықтар алғаш рет көре алады.

"Кішігірім бөлмеге 40-50 адам жиналдық. Дмитрий Таңатаров телефондарымызды жинап алды. Колонканы қосып, бір сағат бойы дәріс оқыды. Онда ол бауыр-қарындастарымыз түрмеге тоғытылып жатқанын айтты. Соғысу керектігін алға тартты", – деп есіне алды қатысушылардың бірі Асхат Рахметов.

Терроршылар арасында жағдайы жақсы отбасынан шыққандар да болған екен. 

Мәселен, 28 жастағы Асхат Рахметов - елде шашка бойынша бұрынғы чемпион. Кезінде діни сектаға тап болып, радикалдар арасынан шыға алмай қалған.

Ал 33 жастағы Бақыт Қуанышбаев - үш баланың әкесі. Ол бесінші маусымды көзіне жас алып есіне алды.

"Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын. Басынан сипай алмаймын, кәмпит бере аламаймын. Біреу ренжітсе, қорған бола алмаймын. Анашым, мені кешіре гөр, балаларыма қамқор бол", - дейді Бақыт.

Қылмыскерлер өз әрекеттері үшін кешірім сұрап отыр. Видеода қылмыскерлердің қанынан ішімдіктен бөлек ауыр психотропты препарат - амфетамин табылғаны айтылуда. Терроршылар болса, оның қалайша қандарында тап болғанын түсіндіре алмады.

"Бәрі эмоцияға берілді. Не істеп жатқанымызды ұғып жатпадық. Қалай болғанын түсіне алар емеспін. Бәлкім бәріміз су ішіп, құрмадан ауыз тигеннен кейін бе?", - дейді Арсен Таңатаров.

Тағы да оқыңыздар: 

Қазақстандықтар 17 желтоқсан күні нені атап өтеді?

Жақсыбеков Астанаға әкім болғанын түнде бір-ақ білгенін есіне алды

Назарбаев: Мен бақытты саясаткермін

Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады

Желтоқсанда алаңға шыққан бойжеткен мектепте еден жуушы болып жүр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350887-aqtobelik-terrorshy-men-endi-balalary.html