RU

Президент КСРО құлаған соң "ядролық шабадан" кімнің қолында болғанын айтып берді

«Хабар» телеарнасындағы арнайы жобаға шақырылған Қорғаныс экс-министрі Мұхтар Алтынбаев пен Нұрсұлтан Назарбаев КСРО құлағаннан кейін "ядролық шабадан" кімнің қолында болғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Алтынбаевтың айтуынша, КСРО құлағаннан кейін кеңестік армия қиын жағдайда қалып қойған.

"Ядролық шабадан бар - ал оның қожайыны жоқ. Президент жоқ, армия бар, ядролық күш бар - сол сәтте бүкіл әлем дүр сілкінген болар", - деп есіне алды Алтынбаев.

Мәселені президент түсіндіре кетті.

"Біз ядролық арсеналды әр президентпен келісе отырып қана қолданамыз деп келістік. Менің үйімде және жұмысымда арнайы телефон мен ішінде бұйрығы бар ашылмаған пакет болды. Біз оны үш жыл бойы сақтадық, бұл сигналды", - дейді Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар: 

Қазақстандықтар 17 желтоқсан күні нені атап өтеді?

Жақсыбеков Астанаға әкім болғанын түнде бір-ақ білгенін есіне алды

Назарбаев: Мен бақытты саясаткермін

Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады

Ақтөбелік терроршы: Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350897-prezident-ksro-qulaghannan-keyin-yadro.html