RU

Қалыңдық қонақтар алдында той көйлегін күйеу жігітіне кигізіп қойды (фото)

Қытайда күйеу жігіт қалыңдығының дегеніне көніп, тойға әйелдер киетін той көйлегін киіп шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы kami.com.ph сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалыңдығы костюм-шалбар киіп, күйеу жігіт ақ көйлекпен шыққан бұл оғаш той әлем назарына ілікті. Ву Шуай есімді жігіт Цянь есімді қалыңдығының көңілін қалтырмас үшін осындай қадамға барған.

Цянь той көйлегінен тым семіз көрінетінін алға тартып, 10 желтоқсан күні өткен тойына не киерін білмей есі шыққан. Ақыры өзіне тек смокинг жарасатынын ұққан ол жігітіне ақылға қонымсыз ұсыныс жасайды.

"Ол менен оның орнына той көйлегін киіп шығуымды өтінді. Рөлдерімізді ауыстырсақ, бір-бірімізді жақсырақ түсінетін боламыз деген оймен мен бұл ұсынысына келісімімді бердім", - дейді Ву.

Тағы да оқыңыздар: 

Қазақстандықтар 17 желтоқсан күні нені атап өтеді?

Жақсыбеков Астанаға әкім болғанын түнде бір-ақ білгенін есіне алды

Назарбаев: Мен бақытты саясаткермін

Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады

Ақтөбелік терроршы: Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350997-qalynhdyq-qonaqtar-aldynda-toy-koyleg.html