RU

Тараздың орталық алаңында адамдардың үстіне шатыр құлап кетті (видео)

Тараздың орталық алаңында шатырдың құлауы салдарынан ұлттық гвардияның төрт сарбазы жарақаттанды деп хабарлайды NUR.KZ Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының әкімшілігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 16 желтоқсан күні орын алған. Зардап шеккен сарбаздарды Тараздың №1 ауруханасына жеткізді.

Олардың арасында 20 жастағы Дылюк Юрий мен 19 жастағы Аженов Аман бас сүйегінің ауыр және орташа дәрежедегі жарақатын алып, бірден жансақтау бөліміне ауыстырылған.

Сондай-ақ, тізе буындары мен аяқ сирақтары зақымдалған 20 жастағы Бажен Юрий мен 18 жастағы Амангелді Диасқа амбулаторлық ем белгіленген.

Аталмыш оқиғаның видеосы Жансерік Тұрғынбектің Facebook парақшасына жарияланды.

Бұл алаңда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерт өтуге тиіс болған. Алайда, Қазақстан Ұлттық гврдиясының "Оңтүстік" өңірлік басшылығы баспасөз қызметінің анықтауынша, сағат 17.30-да секундына 20 метр жылдамдықпен соғатын үлкен жел тұрған.

Айта кетерлігі, әскери қызметкерлердің уақытында шара қолдануының арқасында жергілікті халыққа зардап тимеген.

Тағы да оқыңыздар: 

Қазақстандықтар 17 желтоқсан күні нені атап өтеді?

Жақсыбеков Астанаға әкім болғанын түнде бір-ақ білгенін есіне алды

Назарбаев: Мен бақытты саясаткермін

Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады

Ақтөбелік терроршы: Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1351041-tarazdynh-ortalyq-alanhynda-adamdardy.html