RU

Назарбаев: Жастар жақсы өмірдің біздің еңбегімізбен келгенін бағаласын

"Хабар" телеарнасының эфиріндегі "Тәуелсіздік тағылымы" арнайы жобасына қатысқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға ақыл-кеңесін айтты деп хабарлайды BAQ.kz.

 

"Жас буынға осылай бола салғандай көрінеді. Біреудің айтқаны бар еді, жамандық та, жақсылық та ұмытылады деп, өкінішке қарай, жақсылық тезірек ұмытылады", - деп ағынан жарылды президент.

Президент "осынша күшпен жеткендегіміз әрбір адамның жеке және жалпы халықтың бақыты" екенін алға тартты.

"Қазақтар мен қазақстандықтар тарихында біздің азаматтарымыз мұндай өмір кешпеген деп толық сеніммен айта аламын. Осыны біреу жоққа шығарып көрсінші. 1993 және 2015 жылды салыстырып көрейік... Біз расымен "экономикалық ғажайыпқа" қол жеткіздік, мұны мойындау керек. Біз адам өмірін 21 есеге жақсарттық, олардың табысын. Біз 25-30 жасқа келген жас буынды тәрбиеледік. Бұл буын өсіп, біз көрген қиындықтар туралы білмеді, осы әңгімелер сол азаматтарға бағытталған. Олардың жақсы өмірі біздің еңбегімізбен, біздің буынның арқасында келгенін бағаласын. Бізде шетелге шығу мүмкіндігі болған жоқ, бізді жібермейтін", - деді елбасы.

Тағы да оқыңыздар: 

Қазақстандықтар 17 желтоқсан күні нені атап өтеді?

Жақсыбеков Астанаға әкім болғанын түнде бір-ақ білгенін есіне алды

Назарбаев: Мен бақытты саясаткермін

Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады

Ақтөбелік терроршы: Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1351059-nazarbaev-zhastar-zhaqsy-omirdinh-bizdi.html