Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наркоздан соң ұйқыда жатқан бала түсінде намазға жығылып, Алла елшісін көрді

Опубликовано:

Желіде адам сенгісіз видео тарады. Ауғандық кішкентай ұл бала аурухана кереуетінде жатып, наркоздан кейін түсінде намазға жығылып, Алла елшісі Мұхаммедті (с.ғ.с.) көреді деп жазады Baq.kz.

Оның түс көріп жатқанда жасаған әрекеттерін айналасындағы жақындары видеоға түсіріп алған.

Бір қолы гипске ораулы Ибрагим есімді бала қолының сынғанына қарамастан, құран сүрелерін оқып, намазға жығылады. Кейін «Мұхаммед» «Мұхаммед пайғамбар!» деп, біреумен амандасқандай ишара білдіреді. Мұны қадағалап отырған туыстары түк түсіне алмай әлек. Анасы: «Ибрашка, не болды», деп жоқ жерден жылай бастаған ұлын тыныштандырмақ болады.

Кейін бала: «Елші Мұхаммед, қайда кеттің?» деп жылап, шошып оянады.

Қайда жатқанын түсіне алмай біраз абдырап қалған бала соңынан ата-анасына Алла елшісі Мұхаммедті көргенін айтады.

Осы видеоның соңына желі пайдаланушылары «баланың орнында мен болсам ғой, шіркін...», «машалла, бала жұмаққа барып келді» және тағы басқа таңданысқа толы пікірлерін қалдырыпты.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев Ресей елшісінің өліміне қатысты Путинге көңіл айтты

Ресейдің Түркиядағы елшісін белгісіз біреу атып өлтірді (фото)

Әлем елдері Ресей елшісіне жасалған қастандықты қалай қабылдады?

Америкалықтар Қазақстаннан алты мың бала асырап алған

Атырауда екі қабатты тұрғын үйдің төбесі опырылып, шаңырағы ортасына түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1352671-narkozdan-sonh-uyqyda-zhatqan-bala-tusi/

pixel