Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсекте естен кетпестей ләззат алудың 5 құпиясы

Опубликовано:

Ләззат алудың 5 құпиясын ikerim.kz порталы назараларыңызға ұсынады.

Кесте бойынша тояттаңыз

Өздеріңіз үшін осындай «марафон» ұйымдастыруға болады. Мысалы күнде сағат 23:00-де жұмыстан шаршап келгеніңізге, көңіл күйіңіздің түсіп тұрғанына қарамастан сүйіктіңіздің қалауын орындаңыз. Өзіңізді нәзік болуға күштеңіз! Ол сіздің сенімді болуыңызға және сүйікті болуыңызға ықпал етеді.

Төсек ойыны туралы ашық айтыңыз

Тәрбиеге жат мұндай әңгімелерді ашық айту, әрине ұят. Бірақ жұрттың көзінше емес, серігіңіздің өзіне айта беріңіз. Интимді мәселелерді ортақ қарастырған кезде шешімі де тез табылады. Қыздар серігіне шексіз сенген кезде ғана төсекте еркін болады.

Басыңызды демалдырыңыз

Мәліметтер бойынша төсек қатынасынан ләззат ала алмайтындардың көпшілігі мимен жұмыс істейтіндер де болады екен. Осы фактіге сәйкес әрекет етуіңіз керек. Егер сіздің атқаратын жұмысыңыз миға күш түсіретін болса тұрақты түрде 20 минуттық үзіліс жариялап тұрыңыз. Бұл уақытта сіз тысқа шығып таза ауа жұтыңыз, жаяу жүріңіз. Бұл қарапайым қағида сіздің күндіз ғана емес, төсекте де сергек болуыңызға септігін тигізеді.

Жыныс мүшесін жаттықтырып отырыңыз 

Кегель жаттығулары сіздің интимді өміріңізге пайдасын тигізіп қана қоймай, түрлі жыныс мүшелерінің ауруынан сақтайды. Бұл классикалық жаттығу түрін кез келген жерде қолдана беруге болады. Көлікте, жұмыста, отырған кейіпте, тіпті қазір осы мақаланы оқып отырып та жасай беруге болады. Ол сізді де, сіздің серігіңізіді де рахатқа бөлейді.

Үш минутыңызды мақтау сөзге арнаңыз 

Әр күн сайын өзіңіздің кемшін тұсыңызды айтып, ойлай бермеген дұрыс. Өзіңізді бағалап үйреніңіз. Өзіңіздің мүсініңізге көңіліңіз толатынын жиі ойлап, қайталаңыз. Ешкім жоқ жерде көзіңіздің, бет-әлбетіңіздің артықшылығын айтып, көңіліңізді көтеріңіз. Бұл сіздің кемшіліктеріңіздің түнде кедергі келтірмеуіне де көмектеседі.

Тағы оқыңыздар:

Петропавлда 15 миллион теңгеге салынған хоккей кортының шатыры опырылып қалды (фото)

Павлодар тұрғыны ұлтарақтай жер үшін өзін өлтірмек болды

Түрмеде аузын тігіп, қарнын тескен ақтаулықтар бостандықтағы өмірдің қиындығын айтты (фото)

Депутат Тiнiкеевтің жүрегі нашарлап, ауруханаға түсiп қалды

Ресейлік коммунист құрамына Қазақстан кіретін одақтас мемлекет құруды ұсынды

Қарсыластарын тізерлетіп қойып кешірім сұратқан қазақ қыздары желіні шулатты

Ахметжан Есімовтің көзбояушылығы Алматы тұрғындарын әбігерге салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1354066-lazzat-aludynh-5-qupiyasy/

pixel