Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

33 жасында тұрмысқа шыққан Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің құпиясын жайып салды

Опубликовано:

Танымал әзілкеш, театр әртісі Жұлдызай Дүйсенбиева жеке өмірінің барлық құпияларын айтып, көрерменге жан сырын ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жеке өмірінің бүге-шүгесін ол 31-арнадағы "Ұят емес" бағдарламасында айтып берді.

2014 жылы 33 жасында тұрмысқа кештетіп шыққан актриса өзінің өмірлік серігінің етегінен үш-ақ рет кездесіп қана ергенін мойындады.

Айтуынша, олар ортақ достары әзілкеш, актер Дәнекер арқылы танысқан. Аса тәртіпті, "қызға қырық үйден тыю" деген қағидамен тәрбие алған Жұлдызай бастапқыда оған жігіт ретінде қарамайды.

"Сөйтсем ол Дәнекерден менің нөмірімді сұрап алып, екі-үш ай хабарласпай жүріпті. Мені елдер бір көргеннен сұсты, мінезі шатақ деп қабылдайды. Ол да бірден хабарласуға батпапты. Қазіргі өмірлік серігімнің есімі де - Өмірсерік", - деп әңгімесін айтып берді актриса.

Осылайша, олардың әңгімесі жарасып, Whatsapp желісі арқылы сөйлесе бастайды. Тек қана телефон арқылы байланысып жүрген олар артынша екі рет қана кездеседі. Ал үшінші рет оның қазіргі жары Жұлдызайға телефон арқылы хабарласып, аналарын жолықтырмаққа шешеді.

Бүгінде Жұлдызай бір сәбидің анасы атанған. Ал қайынжұрты ол туралы өте жылы лебіздер айтып, Жұлдызайдың қандай келін екеніне тоқталды.

"Ол үйде кәдімгі келін, үйге келе сала аяққа мәсісін киіп алып, асүйге кетеді. Тіпті олардың тойының алдында үйде жылқы сойдық. Сонда оның ішек-қарнының барлығын Жұлдызай тазалады", - деп есіне алды қайынсіңлісі.

Жұлдызайдың айтуынша, ол тұрмысқы шықпай тұрып айрықша түс көрген. Түсінде бір ақ киінген әжей келіп, оның маңдайынан сипап: "Сен менің немереме тұрмысқа шығасың", - деген екен.

"Жұздызай үйге келіп, үлкен кісілерге сәлем берді. Сөйтіп оны төр бөлмеге кіргізіп, барлығымен таныстырып жатырмыз. Ол кіре сала төрде ілініп тұрған суретке таң қалып қарап қалды. Ол ата-әжеміз болады деп айттық.

Сөйтсе, әжеміз оның түсіне кіріп, осы әулетке келін болып түсетініне аян беріпті. Кейін Жұлдызай қызды болды, оның есімін ырымдап Аянат деп қойдық", - деді қайынсіңлісі.

Сонымен бірге, жеке өмірінен бөлек, Жұлдызай шығармашылық өміріндегі жаңалықтармен де бөлісті. Ол "Алдараспан" театрының актері Нұржанмен арада қандай кикілжің болғанын баяндады.

"Нұржанмен арадағы кикілжің қу тіршілік, ақша үшін болды. Өте қомақты қаражатқа қатысты. Қанша екенін айтпай-ақ қойын", - деген актриса бүгінде бауырындай болып кеткен досымен қайта табысқанын айтады.

"Дегенмен, ақша біздің достығымызға сызат түсірді деп айта алмаймын, бүгінде бір-бірімізден кешірім сұрап, қайта тіл табыстық. Ол менің қанша жылдан бергі досым болды, бір қара нанды бөліп деп, бір жатақханада жүрген кездеріміз ұмытылмайды", - деді Жұлдызай.

Ол өзінің көрермендеріне "Алдараспан" театрының келесі концертінде өнер көрсетемін деп уәде берді.

Тағы оқыңыздар:

Екі күйеуі де тастап кеткен шымкенттік ана 5 баласымен қара нанға зар болып отыр (видео)

Ауылдық амбулаторияға қаңғыбас иттерді жинап алған жамбылдық дәрігер жұрттың ашуын келтірді

Денис Тен: Жаңа жыл мейрамын тойламаймын

Израиль 12 мемлекетпен ынтымақтастықтың тамырына балта шабатынын кесіп айтты

Мирзияев Атамбаевқа 14 жыл көрмеген ағасын ертіп әкелген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1361900-33-zhasynda-turmysqa-shyqqan-zhuldyzay-duy/

pixel