RU
«Жыл таңдауы - 2016» жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар Кино и ТВ

«Жыл таңдауы - 2016» жеңімпаздары марапатталды

Рассказать Вконтакте

28 желтоқсан күні «Қазмедиа орталығының» концерт залында салтанатты түрде жыл таңдауы жасалды. «Қазақстан» ТРК» АҚ қызметкерлері арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Жыл таңдауы - 2016» байқауының жеңімпаздары анықталды.

«Жыл таңдауы - 2016» жеңімпаздары марапатталды

Мақсаты – қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру, журналистердің кәсіби шеберлігін көтеру, сондай-ақ, оларға моральдық және материалдық қолдау көрсету.

«Жыл таңдауы - 2016» байқауын ашқан «Қазақстан» ТРК» АҚ Басқармасының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады:

«Жыл таңдауы - 2016» жеңімпаздары марапатталды

"Бұл жерде сайдың тасындай іріктелген, өз жұмысына шын жаны ашитын, қаламын қару еткен, ойы ұшқыр журналистер жұмыс істейді. Оған айғақ, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеуде, биыл құрылған ақпарат және коммуникациялар министрлігінен және көптеген басқа мекемелерден медальдар мен алғыс хаттар жаңбырша жауды. Елдің атауымен аталатын телеарнада қызығушылықсыз жұмыс істеу мүмкін емес!«Қазақстан» атауын ту ретінде тік ұстап, мемлекетіміздің абыройын одан әрі асқақтату сіздердің қолдарыңызда. Баршаңызды биылғы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймын, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Келесі жыл қызықты оқиғалар мен эксклюзивті материалдарға толы болсын", - деді.

«Жыл таңдауы - 2016» жеңімпаздары марапатталды

Байқауға биылғы жылдың қарашасына дейін эфирге шыққан 145 жұмыс тапсырылды. Байқау жеңімпаздары 6 аталым бойынша анықталды.

«Үздік сюжет» номинациясында Семей каласы мен Павлодар облыстық филиалдарының ұжымы ІІІ орынға ие болды. ІІ орын СҚО филиалы мен «Қазақстан» ҰТА» ақпараттық бағдарламалар дирекциясына бұйырды. І орын «Қазақстан» ҰТА» ақпараттық бағдарламалар дирекциясының ұжымы дайындаған «Баян-Өлгейдегі акция» мен «Қазақ қызы – аквалангист» сюжеттері үшін берілді.

«Үздік ойын-сауықтық бағдарлама және ток-шоу» номинациясында ІІІ орын «Ханымдар» (Атырау обл. филиалы) мен «Рауан» бағдарламаларына (ШҚО филиалы) берілді. ІІ орынды «Открытая студия» бағдарламасы алды (БҚО филиалы). І орында «Айтуға оңай» бағдарламасы (Алматы қ. Филиалы).

«Жыл таңдауы - 2016» жеңімпаздары марапатталды

«Радиодағы үздік бағдарлама» номинациясында ІІІ орын «CLASSIC»

«Әлеуметтік желідегі үздік»

номинациясы бойынша ІІІ орын «Қазақстан» ҰТА» ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшілер қосынының техникалық редакторы Сымбат Досмаханова мен әлеуметтік медиамен жұмыс жөніндегі бөлімнің бейнемонтажер Әскербек Қиясовқа берілді. ІІ орын Ақмола облыстық филиалының жүргізуші-редакторы Тажмурат Альжановқа берілді. І орын «Астана» радиосының музыкалық редакторы Жанна Чулановаға берілді.

«Үздік дизайнерлік жұмыс» номинациясында ІІІ орын Ақмола және Қызылорда облыстық филиалдарының дизайнерлеріне берілді. ІІ орынды ОҚО алды. І орында «Сайлау- 2016» жобасы.

«Жыл таңдауы - 2016» жеңімпаздары марапатталды

«Үздік қоғамдық-саяси бағдарлама» номинациясында ІІІ орын «Өзекті әңгіме» (Ақмола обл.филиалы) және «Бір кештің әңгімесі» (ОҚО филиалы) бағдарламалары үшін берілді. ІІ орында «100 шагов» бағдарламасы (Қарағанды обл. филиалы). Үздік деп Алматы қ. филиалы дайындайтын «Жарқын бейне» бағдарламасы танылды.

Бұл күні балалардың мәселесіне бей-жай қарамайтын қызметкерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды. Алғыс хаттар «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Құранбек пен «Балапан» телеарнасының «Бірге бір», «Мың түрлі сұрақ» бағдарламаларының редакторы Жарқыннұр Болысханға тапсырылды.

«Жыл таңдауы - 2016» жеңімпаздары марапатталды

«Қазақстан» РТРК» АҚ жұмысының 2016 жылғы қорытындысы бойынша, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мен Корпорацияның дамуына қосқан үлесі және жоғары кәсіби шеберлігі үшін 32 қызметкер Басқарма төрағасының алғыс хатын алды.

«Қазақстан» ТРК» АҚ филиалдары арасындағы кәсіби бәсекелестікті күшейту және өз саласы бойынша мықтыларды анықтау мақсатында биыл бірқатар байқау ұйымдастырылды. Соның ішінде үздік түсірілім тобы, үздік тележүргізушілер анықталды, «Тәуелсіздікке тарту», «Өзгерген өңір» тақырыптарында байқаулар өткізілді және үш сайыс ғаламторда ұйымдастырылды.

*PR құқында

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel