Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

25-тегі келін айлығын түгел сыпырып, 200 теңгемен қалдыратын енесіне ренжулі

Опубликовано:

25-тегі келін айлығын түгел сыпырып, 200 теңгемен қалдыратын енесін жақсы көре алмай жүргенін айтып, ikerim.kz сайтындағы Құралай ханымнан ақыл-кеңес сұрады.

"Менің есімім жасырын болсыншы. Жасым 25-те, тұрмысқа шыққаныма 2 жылдан асты. Бір балам бар, бұйырса екіншісіне аяғым ауыр. Менің айтайын дегенім, ата-енем туралы. Мен оларды сыйлаймын, бірақ оларға деген жек көрушілігімді жеңе алар емеспін. Айлығымды əкеліп беремін, содан қолыма ештеңе де ұстатпайды. Жұмысқа жолақыға 200 теңге береді де, содан 3-4 күнге дейін ақшаң бар ма, жоқ па сұрамайды", - деп мұңын шақты оқырман.

Төсегін салу үшін де мені күтіп отырады

"Енем əлі жас, бірақ барлық нəрсені менің мойныма іліп қойған. Шаруамды тез бітіріп жұмысыма көңіл бөлейін десем, төсегін салу үшін де мені күтіп отырады. Біз, жолдасым екеуміз қыдырмаймыз. Ақша сұрасаң сөзі көп. Жұмыста келіншектер неше түрлі киім киіп жатады, қызығып қараймын. Менде тым жақсы боп жүргім келеді, бірақ ата-енем сонша ақшаға жақын, артық тиын бермейді", - деп жалғастырды ол.

Ата-енем адамға ұнамсыз қылықтар жасайды

"Бірде, тіпті айлығың толық емес, бухгалтеріңе барып тексерту керек деп шыққан. Əр айлық алған сайын ақшаң көбеймеді ме деп сұрайды, құдай-ау. Екеуін түсінбедім, адамға ұнамсыз қылықтар жасайды. Басқа келіндердің де өмірі осылай ма екен? Атамды да, енемді де жылы тарта алмадым. Не істеймін? Беттеріне қарап сөйлегім де келмейді, істеген істері есіме түседі де тұрады. Құралай Ханым, ақыл қосыңызшы өтініш", - деп жазған әйел.

Құралай Ханым бұл тұрғыда көмек сұраған әйелге келесі кеңесін берді:

Жақсылап қызмет қылып, «досрочное погашение» жасауға болады

"Қыздар, бұл сұраққа аздап қалжыңмен жауап беруге тырысайын... Қайынжұртқа сен қарызсың! Баласына тиiп алғаның үшін қарызсың! Ал қарызды үндемей процентімен қоса өтеу керек. Кредитке машина алсаң, жүресің ғой мөлиiп төлеп, ешкімге ренжімей. Сол сияқты моральдық, материалдық тұрғыдан төлейсің, жылдар бойы. Жақсылап қызмет қылып, «досрочное погашение» жасауға болады. Сонда бөлек кетесің де, «ух» дейсің. Кейде пайызын көп төлеп жiбергендер болады, ондайларды құдай, тіпті басқа қалаға көшіріп жібереді. Олар #қиынжұртты жазда 6 шілдеде бiр апта ғана көреді. Жылдар бойы жылап еңіремей, қарыздан құтылуға тырысыңдар!", - деп ақылын айтты Құралай ханым.

Ене сенi жақсы көруге, балаңды бағуға міндетті емес

"Келiндерге мынадай заңды жазып, жаттап алып, ешқашан ұмытпау керек! Сонда кiшкене жеңілдейсіздер. Ене сенi жақсы көруге, балаңды бағуға, үйді жинап көмектесуге, сыйлық жасауға т.с.с. міндетті емес! Керiсiнше ақша сұрауға, ақыл үйретуге, төркінге кетiп жатқан экспорттарды қатаң бақылауға міндетті! Бұл - заң! Ұнаса да ұнамаса да осы… Отбасы деген -шағын мемлекет! Оның да өз заңдары бар. Ол заңға бағынбасаң - Ирак, Сирия, Украина сияқты қырғын болып кетуi ықтимал. Ондай соғыстан отбасы экономикасы зардап шегеді, береке болмайды. Сондықтан өсемін десең, өз қалаң немесе ауылыңдағы 30 ең бай, дамыған отбасылар қатарына кiрем десең, өмір заңдарының бұзылмауын қадағала!", - деп толықтырды ол.

Қолдайтын, қорғайтын, тіреп тұрған төркін-адвокаттары бар келіндердің жағдайы біршама тəуір

"Қайын жұрттың алдында математиканың координаттар жазықтығындағы нөлден былай қарай минусқа «-» кетіп қалмайтындай, əрқашан плюс ‘+’ болып жүруің керек! Сенің минусыңды олар жақтырмайды. Кішкене қалт кеткен жеріңде, #безсудаиследствия соттап жіберетін ене-абысындар бар. Олардың қолына бір түстің ешқандай фактілеріңе қаратпай, жылап жүріп жылдар «арқалап» кетесің! Қолдайтын, қорғайтын, тіреп тұрған төркін-адвокаттары бар келіндердің жағдайы біршама тəуір. Ал қалғандары бес немесе он жылға дейін, жоғарыдағы сұрақ қойған келіннің кебінін киіп, қатаң режимді өтеу барысында жүреді. Сұрақ қойған келінге бар айтарым: "Ашу дұшпан! Ақыл дос! Ақылыңа ақыл қос!" Кішкене шыдап, сабырлық танытсаң, жақсылықтың ауылы алыс емес!", - деп түйді Құралай ханым.

Жалғасын ikerim.kz сайтынан оқыңыз.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев павлодарлық бүлдіршіннің арманын орындады

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел соғады

Ыстамбұлда Cанта Клаус костюмін киген қаскөй 35 адамды атып өлтірді

Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа 2017 жылмен құттықтады (видео)

Алматы әкімі Байбек әкімдер рейтингінде көш бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1364442-25-tegi-kelin-aylyghyn-tugel-sypyryp-200-tenh/

pixel