RU

Отандық журналист ВВС мен «Асыл арна» арасындағы ынтымақтастық жалғасатынын айтты

Жақында ғана Лондонға барып, әлемдегі ең ірі телеарналардың бірі - ВВС-де тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша білім алған республикалық «Асыл арна» телерадиокомпаниясының бас продюсері Ерлан Әбдірұлы «Айқын» газетіне берген сұхбатында екі телеарна арасындағы ынтымақтастық жалғасатынын айтқан.

Журналист ВВС-лік ондаған білікті мамандардан БАҚ-тың бренд қалыптастырудағы рөлі, коммуникациядағы бәсекелестік, болған оқиға жайлы жылдам реакция шаралары, контент брендингі, әлемдегі өзгерістер үдерісіндегі әлеуметтік желі маңызы және т.б қызықты тақырыптар жөнінде тәжірибе алмасқан, ВВС бас кеңсесіндегі қызу процестерді де ішінен көріп, замануи жабдықтар мен озық студиялардың жұмыс істеу барысын да бақылай алған.

Журналистика факультеті мен осы салаға маманданып жүрген ізденушілерден тренингте үйренгенін бөлісуді сұраған жастар бар екен.

"Кәсібімізге қатысты сұрақтардан бөлек, осы зор механизмнің синхронды қозғалуы да қызықтырды. Сұрақ қоя келе түсінгенім – ортақ жүйе, ортақ мүдде бар. Ал ол ортақ жүйе жекелген адамдарға ұнамауы да мүмкін. Бірақ жұмыс алға жылжуы үшін өзін соған көндірген. Яғни, арна мүмкіндіктерін өз тұлғасының жарнамасына емес, керісінше, кәсіби қабілетін өндірістің ілгерілеуіне салады", - дейді ол.

Ал «Асыл арна» жайлы сұраққа бас продюсер телеарна көрермендерін «талғампаз көрермен» деп бағалап, шоу-бағдарлама мен сенсациялық жаңалықтар сериясынсыз-ақ Gallup Media есебі бойынша телеарна рейтингі жоғары екенін айтқан.

«Бұдан шығатын қорытынды - қазақ телевизиясы көрерменге қызықты бағдарламаларды емес, керек бағдарламаларды эфирге көптеп шығару керек» дейді журналист.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда 2017 жылы не өзгереді?

25-тегі келін айлығын түгел сыпырып, 200 теңгемен қалдыратын енесіне ренжулі

Назарбаев павлодарлық бүлдіршіннің арманын орындады

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел соғады

Ыстамбұлда Cанта Клаус костюмін киген қаскөй 35 адамды атып өлтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1364542-otandyq-zhurnalist-vvs-men-asyl-arna.html