RU

Шымкентте үш адамды мүгедек еткен жүргізуші әлі күнге дейін бостандықта жүр (видео)

"Бір жанның өлімімен, үш адамның мүгедек болуына себепкер болған азаматтар бостандықта жүр. Екі бірдей отбасын қайғы құштырғандарға көрілер жаза бар ма? Осылай деген шымкенттік және мақатааралдық тұрғындар Нұр Отан партиясына шағымданды деп хабарлайды ТВК арнасы.

Олар осыдан екі жыл бұрын Шымкент Жетісай тас жолында жантүршігерлік жол апатына ұшыраған.

Екі отбасын ойрандаған жол көлік апаты осыдан екі жыл бұрын Шымкент Жетісай тас жолында орын алған. Шымкенттік Сәкен Қоқанбаев такси жалдап Жетісайдан Шымкентке қайтпақ болады. Кенеттен қарама қарсы бағыттағы жеңіл көлік Сәкен отырған машинаның алдына шығып кетіп жантүршігерлік жол оқиғасы болған. Нәтижесінде ер адам арбаға таңылып, мүгедек болып қалса, қарасы бағыттағы көлік ішіндегі бүтін бір отбасы зардап шегеді.

"Содан бері екі рет операция болып осындай жағдайға душар болдым. Келесі машинада жас отбасы отырған. Олардың 3 жасар қызы қайтыс болды. Сол кезде аяғы ауыр әйелдің қазір дүниеге келген баласы ДСП-мен ауырады. Күйеуіне де ота жасалған. Әлі біздің мәселеміз шешілген жоқ. Бізге ешнәрсе айтылмай экспертиза болған", - дейді арызданушы Сәкен Қоқанбаев.

Дегенмен зардап шеккендер тергеу сарапшыларының шешімімен мүлде келіспейді. Олар құқық қорғаушылардың жұмысына күдікпен қарайды.

"Экспертиза басқа шешім көрсетіп жатыр. Бұл істің ешқандай нәтижесін шеше алмаймыз деп біресе тоқтатты. Қайта арызданып едік қайтадан бастады. Қайтадан прокуратураға жібереді қайтадан келеді. Бір жыл екі ай болды созылып. Нұр отан соңғы үмітіміз", - дейді арызданушы Сәкен.

Бір жасар сәбидің өлімімен, үш азаматтың мүгедек болуына себеп болған такси жүргізушілері қазір бостандықта. Құқық қорғаушылар олардың көлігін айыппұл алаңына апарып, жүргізуші куәліктерін алып қоюдан ары аспапты.

"Екеуіне де ешқандай айып тағылған жоқ. Тергеу бастамасында екеуінің де жүргізуші куәліктерін алып қойған. Енді бәрін қайтарып берген екен. Штраф стоянкадан да көліктерін алып кетіпті", - дейді арызданушы Сәкен Қоқанбаев.

Құқық қорғаушылардан көңілі әбден қалған Сәкен Қоқанбаев заң қызметкерлерінің бұл ісінде шикілік бар екеніне сенімді.

Тағы оқыңыздар:

Астанада уақытша тіркеуге тұрғандар мемлекет бюджетін жарты миллионмен толтырды

Павлодарда 69 жастағы әже жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Геннадий Головкин жаңа салмақ дәрежесіне өтетін болды

Жанқош Тұраров: Головкин Джейкобсты нокаутпен жеңеді

Ақтауда 32 жасар ер адам өз пәтерінде асылған күйі табылды

Ақмола облысында ауқатты отбасынан шыққан мектеп оқушысының мәйіті табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1370213-shymkentte-ush-adamdy-mugedek-etken-zhur.html