Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда ауру балалардың арқасында табыс тапқан жас жігіттің масқарасы шықты

Опубликовано:

Петропавлда сырқат сәбилер туралы ақпаратты пайдаланып, ғаламтор арқылы елден қаржы жинаған адам ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы.

20 жастағы әккі жігіт осындай жолмен жарты миллионнан артық ақша тапқан. Алайда тергеушілер арам пиғылмен табылған ақша әлдеқайда көп болуы мүмкін деп отыр.

Бір жарым жасар Алексей Савельев жылына екі рет Астанада тегін емделеді. Бірақ бұл тым аз депті дәрігерлер. Сондықтан, екі ай сайын Ресейдің Екатеринбург қаласына аттанады. Ал оған 800 мың теңге керек.

Бұл ақшаны жинау үшін Владислава әлеуметтік желілерде үндеу тастаған. Қайырымды жандар жетерлік. Бірақ жуырда ғана жылу жинау ісіне біреулердің қол сұға бастағанын байқапты.

"Жуырда әлеуметтік желідегі парақшама жазылған жандардың бірі хабарласып, менің атымнан өзге біреудің ақша жинап жатқанын айтты. Дереу сол сілтеме бойынша жалған парақшаны тауып, жағамды ұстадым. Онда баламның суреті қойылып, диагнозы жазылыпты. Бірақ есеп шот біздікі емес. Дереу тәртіп сақшыларына хабарластық", - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Владислава Савельева.

Алаяқ алысқа бармады. Қайырымды жамағатқа өзін ауру баланың ағасымын деп таныстырған оның оңай олжаға құныққаны сонша, істеп жүрген теміржолдағы тұрақты жұмысын да тастап кетіпті. Есесіне, бір жылда жарты миллион теңге табыс тапқан.

Күдіктінің айтуынша, ол үш науқас балаға фэик парақшалар істеген. Бірақ күдіктінің сөзіне полицейлер күдікпен қарайды. Бүгінгі таңда ол үшеу ма, әлде тағы да одан көп пе, осыған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Жігіт 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да спорт мектебінің жаттықтырушысы өз тәрбиеленушілерін зорлаған

Параға қызыл балық берген атыраулық тұрғын сотталып кете жаздады

72 жасқа келсе де, бірде бір жері ауырмайтын әжей мықты денсаулықтың құпиясымен бөлісті

Белгілі бокс маманы: Головкиннің қорғанысы әлсіз, Альварес оны жеңеді

Уақытша тіркеу туралы заңды Қазнетте қызу талқылып жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1370555-petropavlda-auru-balalardynh-arqasyn/

pixel