RU
Сағынтаев уақытша тіркеуге байланысты елді дүрліктіргені үшін Қасымовты сынға алды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сағынтаев уақытша тіркеуге байланысты елді дүрліктіргені үшін Қасымовты сынға алды

Расказать Вконтакте

Үкiмет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тiркеу енгiзiлгеннен кейiн ХҚКО-ларда үлкен кезектiң қалыптасқанын және бұның халық арасында наразылық тудырғанын айтты.

Сағынтаев уақытша тіркеуге байланысты елді дүрліктіргені үшін Қасымовты сынға алды

Бақытжан Сағынтаев. Фото kapital.kz

Премьер-министр тiркеуге қатысты сұрақтардың тым көп екенiн және түсiндiру жұмыстарының дұрыс жүргiзiлмегенiн жеткiздi, деп хабарлайды Baq.kz.

Үкiмет басшысының наразылығынан кейiн IIМ министрi Қалмұханбет Қасымов биылғы жылдың 7 қаңтарында күшiне енген заңға қатысты түсiнiктеме бердi.

«Азаматтардың тұрғылықты мекенжайына 10 күн iшiнде тiркелу мiндетi бұрын да болған. Жаңа заңмен тiркеу ережелерiн бұзған азаматтарды жауапқа тарту мерзiмi үш айдан бiр айға дейiн қысқартылды. Бiр айға дейiн тiркелмесе ескерту жасалады. Ал бұл мерзiмнен асқанда 7 АЕК көлемiнде айыппұл салынады. Ендi азаматтардың тұрақты тiркелуi болса да, олар одан шықпай-ақ, тұрғылықты мекенжайы бойынша уақытша тiркеуге тұра алады», - дедi Қасымов.

Қазақстан премьер-министрi Қасымовтан тiркеуге қатысты заңға нақты қашан қол қойылғанын және түсiндiру жұмыстарының қашан басталғанын сұрады.

"28 желтоқсанда", - деп жауап берді министр. Оның сөзін Сағынтаев заңға 22 желтоқсанда қол қойылғанын айтып, түзеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бірінші рет қашан түсіндірдік? Біз ХҚКО-ларда дүрлігу туғаннан кейін ғана түсіндіре бастадық. Бұл норманың халыққа қатысты екенін түсіндік, біз 22 желтоқсанда түсіндіру жұмыстарын бастап кете алар едік, сонда қазір ХҚКО-ларға келіп жатқан 40 мыңның 17 мыңы уақытша тіркеуге келіп, қалғандары заңдастыратын еді. Бірақ олар осы күндері келмей-ақ қойса да болар еді, солай ма? Олар тіпті бір жылдың ішінде асықпай келе алар еді, айтарлықтай дүрлігу тумас еді. Адамдар не істерін білмей ХҚКО-ларға бара бастады", - деді үкімет басшысы.

Тағы оқыңыздар:

Атырауда қаңғыбас иттер талап тастаған бала клиникалық өлімді бастан кешірген

Алматыда хакерлер банк тұтынушысының шотынан 155 млн теңгені ұрлап кетті

Бесіктің арқасында аман қалған шымкенттік сәбиді үйінді астынан қалай алып шыққан? (видео)

Қарағанды облысында аспаннан "Алла" мағынасын беретін жазба көрінді (фото)

Әлемнің үздік ойыншысы атанған Роналду жаңа сүйіктісін көрсетті (фото)

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
56
2
16
5
0
16
23
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір