Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Универсиадаға орай Алматының сауда орындары жаппай жабылады

Опубликовано:

Алматыда санаулы күндерден кейін алауы жағылатын XXVIII қысқы Универсиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатты шарасы өтетін күні қаладағы 9 сауда орталығы жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап sn.kz хабарлап отыр.

"2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны күндері санитарлық күндер өткізуге байланысты қаладағы тоғыз сауда орталығы жабылады", - делінген аталған хабарламада.

Жабылатын гипермаркеттер тізімі:

- "Магнум" (Ақбұлақ 273)

- "Алтын Орда" базары (Ташкент тас жолы 15 км, 1)

- "Барлық" базары (Ташкент тас жолы 18 км, 1/1)

- "Құрдас-7" базары (Ташкент тас жолы 15 км, 1/7)

- "Жібек жолы" базары (Райымбек даңғылы 517/6)

- "Жұлдыз" базары (Розыбакиева 33/1)

- "Барыс 4" базары (Райымбек даңғылы 212д/1)

- "Кар Сити" СҮ

- "Арзан" гипермаркеті (Райымбек даңғылы 507а)

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматыда барлығы 46 сауда орталығы бар екен. Оның ішінде төртеуі мамандандырылған, 16-сы әмбебап базарлар және 26-сы саудаға негізделмеген орталықтар.

Сондай-ақ, аталған базарларда барлығы 20 мыңнан астам кәсіпкер және 25 мыңнан астам жұмысшы еңбек етуде.

Айта кетейік, Алматыдағы дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары қаңтардың 29-на басталып, ақпанның 8-не аяқталады. Спортшылар 12 спорт түрінен сынға түспек. Қазақстандық студенттер тек 7 спорт түрінен бақтарын сынайтын болады. Жарыстар Алматыдағы 8 спорттық нысанда ұйымдастырылады.

Тағы оқыңыздар:

Павлодарда атысқан адамдар ұсталды

Роналду Мессиді басып озып 2016 жылдың ең үздік футболшысы атанды

Күйеуіне ашуланған келіншек оның көлігін ұрлап әкетті

Қайырымды тіс дәрігері жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (видео)

Мұрат Әбенов: Тіркеуді тоқтата тұрып, қоғамдық комиссия құру керек

Ақтөбеде мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1371938-universiadagha-oray-almatynynh-sauda-o/

pixel