Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хабарламалар арқылы жігіттің қызығушылығын қалай оятуға болады?

Опубликовано:

Қазіргі таңда әлеметтік желілер, түрлі чаттар мен байланыс құралдарынсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Осы кезге дейін вертуалды романдардың түрлісін естіп жүрміз. Алғашында барлығы хабарлама алмасудан басталатыны белгілі деп жазады ikerim.kz порталы.

Әрине әлеуметтік желі де қалай хат жазуды бізге, шығарма жазудың тәсілдерін үйренкендей ешкім үйретпейді. Бірақ оның да өз заңдылықтары бар. Әсіресе қыздар үшін пайдалы болмақ.

Біріншіден, қате жазбауыңызды, әріптердің жаңсақ басылып кетпеуін қадағалаңыз. Жігіт сіздің қателеріңізді қызыл маркермен сызып отырмай, хабарламаңыздың мазмұнына көңіл бөлуі керек. Әрдайым сауатты, түсінікті әрі жеңіл сөздермен жазылған хаттарды оқыған жақсы емес пе?

Екіншіден, сіз жазған хабарламаның мазмұны екеуіңізге де ортақ болғаны дұрыс. Арасында әзіл сөздер қосып қойғанның да артықтығы жоқ. Бірақ оған жігіттің қалай қарағанына назар аударуды ұмытпаңыз. Егер оған ұнамаса әрі қарай әзіл айтуды жалғастырмай-ақ қойыңыз.

Үшіншіден, үнемі позитивті әңгімелер жазып, өзіңізбен сөйлесуге оны ынтықтыра түсіңіз. Сонымен қатар оның ойын да тыңдап, пікірін айтуға мүмкіндік беріңіз.

Төртіншіден, жылы әрі жақсы сөздер айтыңыз. Оған арасында қошемет білдіріп отырған жөн. Бірақ ол бір арнайы себептен туындағаны дұрыс. Әйтпесе бос мақтау ерсі көрінеді.

Бесіншіден, оның әзілдеріне күліп, қуана біліңіз. Өз пікіріңізді де жазып отырыңыз. Бірақ тым асығып, әбігер болудың қажеті жоқ.

Алтыншыдан, сұрақ қоюдан ұялмаңыз. Бірақ сұрағыңызға жауап беруден бас тартса, қинамаңыз. Өзін ыңғайсыз сезінуге итермелемеңіз.

Жетіншіден оның барлық хабарламаларына жауап беріңіз. Әрі мұқият болыңыз.

Тағы оқыңыздар:

Атырауда мұғалімді аяусыз өлтірді деген күдікті қамауға алынды 

Алматы пәтерлерінің бірінен әйел кісінің жансыз денесі табылды

Головкин: Дэниэл — тек бизнестегі емес, спорттағы да мықты қарсыласым

Головкин өзінен жеңіс күтетіндерге: Мен Құдай емеспін

Уақытша тіркеу туралы бейнеролик жұртты күлкіге қарық қылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1372716-khabarlamalar-arqyly-da-zhigittinh-qyzy/

pixel