Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазаққа келін болған орыс қызы: Қазақтың келіні болған шынымен де керемет екен (фото)

Опубликовано:

Қызылжарлық Наталья Касимованың келін атанғанына екі жылдан асты. NUR.KZ порталына берген сұхбатында ол қазақтың келіні болған несімен жақсы екенін баяндап берді.

Наталья 26 жаста, Қызылжар қаласында туып-өскен. Жолдасының есімі - Талғат. Олар да басқа бақытты жұптар сияқты махаббатпен бас қосқан.

"Біз бір компанияда, бірақ екі бөлек жерде жұмыс істедік. Ортақ жиналыстар мен семинарларда ғана кездесетінбіз. Жолдасым маған бірден назар аударыпты, ал мен оны байқамаппын. Тіпті, басқа жұмысқа кеткенін де білмеймін. Бұйрық қой, біз сол жұмыста қайта жолығып, содан бері арамыз ажырамады", - дейді Наталья.

Тағдырдың жазуымен, Наталья балалар үйінде тәрбиеленген. Оның таңдауын ешкім сөкпепті.

"Менің тек құрбыларым ғана таңданғандай болды. Біздің қоғам біржақты емес қой, біреу қарсы болады, енді бірі қолдай кетеді. Алғашқы кезде мен бізге деген елдің біртүрлі көзқарасын байқайтынмын. Ал қазір оларға мән бермеймін.

Жолдасыма қиынырақ болды, өйткені оның туыстары мен отбасы алғашында бізге қарсылық танытқан. Бірақ менімен жүзбе-жүз кездесуден соң, бәрі ретке келді. Менің ата-енем - әлемдегі ең жақсы адамдар", - дейді жас келіншек.

Орыс келіннің айтуынша, ұлт мәселесі үйде мүлде қиындық туғызбайды. Наталья үлгілі келін болуға тырысады, қазақ тілін үйреніп, салт-дәстүрді сақтап жүр.

"Біз отбасымызбен барлық қазақ және орыс мейрамдарын атап өтеміз. Мен күйеуіммен қазақ тілінде сөйлесемін. Біздің бір ұлымыз бар. Оның есімі - Алан. Оның атын ата-енем қойды, қазақ отбасыларында сөйтеді. Біз онымен қазақша да, орысша да сөйлесеміз. Әртүрлі әдеттер мен дәстүрлер жолдасым екеуміздің ара қатынасымызға ешқандай әсер етпейді. Ең бастысы - сыйластық және бір-бірімізге дер кезінде жол беру"

Оның айтуынша, қазақтың келіні болу - керемет, ең бастысы, ағайын-туыстың көптігі.

"Қазақтың келіні болған шынымен де керемет екен. Мен барлық салт-дәстүрлерді мойындаймын, қолдаймын. Ал бәрінен бұрын, туыстардың көп болғаны жақсы екен. Мен достарыма «жетім болып едім, қазаққа күйеуге шығып, жарты қала менің туысым болып шықты», - деймін. Аралас некені сөгетіндерге айтарым, жаман ұлт болмайды, жаман адам болады дер едім", - дейді Наталья Касимова.

Журналист: Алтын Ныгманова

Фото Наталья Касимованың мұрағатынан алынды

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда қаржы жымқырды деп айып тағылған танымал тұлғалар кімдер?

Қазақстанда жақын күндері өткінші суық болады

Алматы облысындағы ХҚКО-те қаза болған ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Бокс маманы: Қанат Альвареспен шығатын болса, бірден жеңіледі

Трамп ұсынған кандидат "исламды ұлы сенім деп бағалап, мойындай бастағанын" айтты

Көп сыйақы алатын әлемдегі ең мықты 10 боксшы

Енді Тәжікстанның діни қызметкерлері мұсылманша неке рәсімін өткізе алмайтын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1373282-qazaqqa-kelin-bolghan-orys-qyzy-qazaqt/

pixel