Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Швед жігіті: Сіздің жақтың қыздары жеңілтек және туризм дамымаған

Опубликовано:

Бұл жігіттің бірнеше есімі бар. Түрікше - Назир, шведше - Микаэль, орысша - жай ғана Миша. Оның анасы - швед, ал әкесі - түрік. Олар Микаэльді 16 жасында Алматыға алты жылға оқуға жібереді. NUR.KZ порталына берген сұхбатында Миша біздің еліміз бен қыздарымыз оны несімен қызықтырғаны туралы айтты.

Микаэль Алматыдағы Фетхуллах Гюленнің мектебін бітіріп, екі жыл КИМЭП-те оқыған.

«Алматының түнгі өмірі қызыққа толы. Бұл жақта қыдырып, көңіл-көтеруге болады. Ал, адамдары өте мейірімді және менің қазақ достарым өте көп», - дейді Миша.

 

Сондай-ақ, Микаэльді біздің елдің қыздары таңғалдырыпты. Оның ойынша, соңғы кездері қазақ менталитеті өзгеріп, нәзік жандылар қауымы өздерін мүлде басқаша қырынан көрсетіп жүр.

«Қыздар ерлермен араласу кезінде өздерін тым ашық ұстайтын болған. Мысалы, біздің Түркияда арулар ер адамның алдында ұстамды болуға тырысады және бейтаныс жандармен ашылып сөйлеспейді. Әрине, бізде де қыздардың тәрбиесі мен тәртібіне батыстың теріс ықпалы әсер еткені сезіліп жатады кейде.

Бірақ, меніңше қазақстандық қыздар тым жеңілтек болып бара жатқан сияқты. Менің не айтқым келіп тұрғанын түсініп тұрған шығарсыз. Бұл жақсы нәрсе емес. Өйткені, қыз деген - болашақ ана, ұлттың айнасы емес пе?», - деп ағынан жарылған Миша әңгіме барлығына қатысты емес екенін және Қазақстанда тәрбиелі, тәртіпті қыздардың көптігіне сенім білдіретінін алға тартты:

«Мен Алматыда тұрғанымда қазақ қыздарымен жақын араласқан кездерім болды. Олар тәрбиелі екендерін көрсетті және оғаш қылықтар жасаған жоқ. Ислам дінін ұстанатын қазақ қызы болса, мен оған үйленер едім. Біздің елдің мәдениеті сіздердікіне өте ұқсас. Өйткені бұл жақта да әйел адам жұбайына адал болып, оған құрмет көрсетеді және отбасын ең бірінші орынға қояды. Қазақстанда сондай қыздардың көп екеніне мен сенемін»

Микаэль бәрінен бұрын біздің қазақтың ұлттық тағамдарын сағынып жүрген көрінеді. Сонымен қатар, ол Түркияда тұрғаннан гөрі біздің елде өмір сүру әлдеқайда арзанырақ екенін айтады.

«Қазақстанды сағынамын. Сіздің жақтағы өмір Түркияға қарағанда қолжетімді. Сіздерде жанармай мен көліктің бағасы арзан. Көп адам өзіне жеке көлік сатып ала алады. Бізде олай емес. Және Қазақстанның халқы өте қонақжай.  Ең өкініштісі, сіздерде туризм дамымаған. Ал, басқаларының бәрі бар.

Сондай-ақ, әрине "бешбармақты" қатты сағынып жүрмін. Бізде ет қымбат, сол себепті сіздер сияқты оны жиі жеп тұрмаймыз»

Тағы да оқыңыздар

Ақтөбеде түнде атыс болып, бір адам қайтыс болды

Қамауға алынған Қуандық Бишімбаев тұтқындалды

Қазақстанның сыртқы қарызы ұлғайып бара жатыр

Қазақ жігіті басты рөлді сомдаған фильм Қытайда рекорд орнатты

Тексерістен бас тартқан алматылықтарды енді метроға кіргізбейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1374360-turkiya-azamaty-sizdinh-zhaqtynh-qyzdary/

pixel