Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы өзін "тоқал" деп атағандарға жауап берді

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Қазақстанда өршіп тұрған "тоқал" мәселесіне қатысты пікір білдіріп, өзін тоқал деп атағандарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол lofficiel.kz басылымындағы жеке блогында жазды.

Ол қазіргі "тоқалдар" мен әжесінің аузынан естіген тоқалдарды салыстырып, екі кезеңдегі тоқал алу мәселесінің қайдан шыққанын оқырманға талдап берді.

"Ол кезде қоғам көп әйел алуды сынамаған. Бірақ көп әйел алуды әрбір қазақтың қалтасы көтере бермейтін. Бірнеше отбасын текті рудың бақуатты кісілері ғана асырайтын. Бірнеше әйелі бар үлкен отбасына тек бай-бағландар ғана ие еді. Олардың барлығын ері асырап, оны елдің бәрі тоқал деп ресми түрде атайтын. Ол бала туып, оларды тәрбиелейтін. Ешкім оларды далаға тастап кетпейтін. Қазақ даласында "жалғызбасты ана", "балалар үйі", "қарттар үйі" дейтін ұғым болмаған, - деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге, журналист қазіргі кездегі тоқал алу "үрдісінің" ерекшеліктеріне де тоқталып өтті.

"Ал бүгін тоқал деген "жеті қат жердің астындағы" құпия. Жас қызды өзінен біршама жас үлкен ер кісі асырайды. Айнұр Исинаның кесірінен, қоғамда "тоқал" деген атау жағымсыз бір құбылыс ретінде қабылданатын болды", - деген ол "Әйел бақыты" бағдарламасындағы кейіпкерлердің мысалын келтірді.

Сонымен бірге, Ләйлә Сұлтанқызы көп әйел алуды діни тұрғыдан да түсіндіруге тырысты.

"Халық санын біз көп бала туу арқылы да реттей аламыз емес пе? Ол үшін бір отбасы болса, жеткілікті. Қазір біз қанша баланы өмірге әкелеміз? Бір, екі, жарайды үш. Егер әр отбасында бес баладан болса, демографиялық жағдай сәл де болса жөнделер еді. Онда көп әйел алу мәселесін демографиялық көрсеткіштерді жақсарту үшін жасалған қадам ретінде қарастырар едік", - деп наразы болды ол.

Ләйлә Сұлтанқызы, бұл тұста өзін "тоқал" деп атайтындарға да жауап беріп, өзінің "тоқал" емес екенін мәлімдеді.

Тағы оқыңыздар:

"Келін" фильмінде төсек сахналарын ойнаған актриса Ермек Тұрсыновтың "өтіріктерін" елге жайып салды

Бішкек маңындағы ұшақ апатынан 32 адам қаза болды (фото, видео)

Мессиді Иньеста мен Неймардан жоғары қойған директор қызметінен қуылды

Мұхтар Тайжан қоғамдық орындарда қазақ әндерін қосуды талап етті

Рио-да жүлде ала алмаған боксшы «Астана Арланстың» жаңа капитаны болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1376832-layla-sultanqyzy-ozin-toqal-dep-atagha/

pixel