Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешью" тобы Ақботаның орнына келген әншіні көрсетті (фото)

Опубликовано:

Танымал отандық "Кешью" тобы топ құрамынан кеткен Ақботаның орнына өнер көрсететін жаңа әншіні көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жақында ғана Қытайдың Сиань қаласына өнер көрсету үшін келген "Кешью" тобы онда түскен суреттерін жариялады.

Топтың парақшасында: "Қытайдың Сиань қаласына, "Shaanxi TV" телеарнасының шақыруымен "Ұлы жібек жолы елдерінің мәдениеті" фестиваліне қатысу үшін жолға шықтық. Алла жар болсын! Жаңалықтармен бөлісіп отырамыз!", - деп жазды олар.

Олардың ортақ түскен суреттерін көрген желі қолданушылары жаңа қосылған топ мүшесінің кім екенін таппай дал болды. Себебі топ мүшесінің бетін олар көрсетуді жөн санамаған.

"Эля немесе Назым сияқты. Назым болсыншы", "Ақбота екі күн бұрын "Русское радиоға" келді. Сол кезде сұрақтардың арасында "Сіздің орныңызға кім келеді топқа?", - дегенде, Ақбота: "Топқа Назым Әбілдина келуі мүмкін, сол келеді деп естідім басшылықтан", деп айтқан", - деген пікірлер жазды желі қолданушылары.

"Кешью" тобына келген жаңа әншінің есімі жуық арада белгілі болмақ.

Тағы оқыңыздар:

18 қаңтарда онлайн режимде уақытша тіркелу қызметі іске қосылады

Қазақстан кинотеатрларында билет бағасы қымбаттауы мүмкін

Қостанайда он тоғыз жастағы спортшы екі адамға оқ жаудырды

Алматыда іздеуде жүрген 33 қылмыскер мен 16 ұрлықшы қолға түсті

Универсиадада жеңген спортшылар 5 млн теңгеге жуық сыйақы алады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1377903-keshyu-toby-aqbotanynh-ornyna-kelgen/

pixel