Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияның Білім министрі мектеп бағдарламасынан атақты Дарвин теориясын алып тастады

Опубликовано:

Түркияның Білім және ғылым министрлігі Исмет Йылмаз Дарвин эволюциясы жай ғана теория екенін мәлімдеді деп жазады 24.kz.

Түрік оқушыларына бұдан былай Чарльз Дарвин эвоюлюциялық теориясы туралы айтылмайды. Бұл туралы Түркияның Білім және ғылым министрлігі Исмет Йылмаз мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу бағдарламасы биылғы оқу жылына енгізіледі. Жоғары сыныптардың биология пәнінің оқулықтарынан эволюциялық теория алынып тасталды. Оның орнына қоршаған ортаның генетикалық өзгерістерге ықпалы туралы тарау қосылады.

Ведомство басшысы министрліктің бұл шешімі туралы журналистердің сұрағына Дарвин бойынша эволюция – «бұл жай ғана теория» деп жауап берді.

«Дарвиннің еңбегі – бұл тек теория, ғылым осылай дейді. Дәл осындай физикадағы Үлкен жарылыс теориясы бар. Бұл жеке талқылауды қажет етеді», - деп түсіндірді Исмет Йылмаз.

Тағы оқыңыздар:

18 қаңтарда онлайн режимде уақытша тіркелу қызметі іске қосылады

Қазақстан кинотеатрларында билет бағасы қымбаттауы мүмкін

Қостанайда он тоғыз жастағы спортшы екі адамға оқ жаудырды

Алматыда іздеуде жүрген 33 қылмыскер мен 16 ұрлықшы қолға түсті

Универсиадада жеңген спортшылар 5 млн теңгеге жуық сыйақы алады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1378026-turkiyanynh-bilim-ministri-mektep-baghd/

pixel