Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық отбасы әскерге жіберген ұлдарын табытпен қарсы алды

Опубликовано:

Алматы облысында бір отбасы әскерге жіберген ұлдарын табытпен қарсы алды. Шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүрген 21 жастағы сарбаз өз-өзіне қол салған деп хабарлайды 31 арна.

Ал оның жақындары үш айдан кейін үйіне оралуы тиіс жігіт бұл қадамға өздігінен барған жоқ деген сенімде. Шекара қызметінің басшылығы болса, істі мұқият тексереміз дейді. Қайтыс болған сарбазды бүгін жақындары жер қойнына тапсырды.

Көкірегі шерге толған әже кішкентайынан бауырына басқан немересін жоқтап тұр. Әскери борышын өтеуге аттанған Абылай Сыдықбектің қаза болғанына жақындары әлі де сенгісі келмейді. Ата-анасына телефон арқылы жиі хабарласатын сарбаз көктемде оралатынын айтқан. Ал қайтыс болардан бір сағат бұрын анасына қоңырау шалыпты.

"Төрт сағатта қайта хабарласамын, мама. Мен контрактіге қалсам қалай болады? Аз қалды, екі күннен кейін рапорт жазамын. Фельдшер боламын" деді. Өзінің мамандығы сондай еді. Сондай қуанышты хабарды айтып тұрған. Түнімен төрт сағатты күттім", -дейді Абылай Сыдықбектің анасы Гүлзада Құдайбергенова.

Туыстарымен телефон арқылы тілдескенде сарбаз кезекшілікке жиі түсетінін айтыпты. Сондықтан оларда Абылайды біреулер өлімге итермеледі деген күдік бар. Күршім ауданындағы "Теректі" шекара заставасынан қайтыс болған сарбаздың денесін туған ауылына Шекара қызметінің бес бірдей қызметкері алып келіпті.

Полковник Серікбаевтың айтуынша, соңғы жылдары мұндай жағдай Шекара заставасында мүлдем болмаған. Мән-жайдың анықталып, шынайы тексеріс жүргізілуіне біз де мүдделіміз дейді.

Марқұмның туыстары "егер Абылайды өлімге итермелеген адамдар болса, жазаға тартылса екен" дейді.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО тұрғыны тауық жылының құрметіне қоразға алып ескерткіш тұрғызып қойды (фото)

Шымкентте белгісіз біреулер шіркеуді тонап, садақа жәшігін алып кетті

Түркияның Білім министрі мектеп бағдарламасынан атақты Дарвин теориясын алып тастады

Универсиадада жеңген спортшылар 5 млн теңгеге жуық сыйақы алады

Қазақстан кинотеатрларында билет бағасы қымбаттауы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1378328-almatylyq-otbasy-askerge-zhibergen-ul/

pixel