Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоңыраттың қыздары" туралы жазбаны ұнатпаған шымкенттік тұрғын сотталып кетті

Опубликовано:

Желіде теріс пікірлер жазып, алауыздық тудырған Шымкенттің жергілікті тұрғыны сотталып кетті деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Skifnews.kz.

Желі қолдуншысы Қылмыстық кодекстің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша айыпты деп танылып, екі жылға шартты жазаға кесілді.

Тергеу материалдарынан белгілі болғаны, сотталушы И.С. өзінің А.А. есімді танысының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына кіріп, Қоңырат руының қыздары туралы жазылған жазбаны оқиды. Оның мазмұны ұнамағандықтан ол жазба астына Дулат руы туралы теріс пікірлер жазып, алауыздық тудырған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы Дулат пен Қоңырат руларының ең көп әрі тығыз шоғырланған өңірі болып есептеледі.

Тағы оқыңыздар:

Павлодар облысында бесінші сыныптың оқушысы өз үйінде асылып қалды

Ана тілін ұмытып қалған министрдің жаңа орынбасары тағайындалды

Қанат Исламның кезекті қарсыласы кім? (фото)

Ресей мен Түркия "Ислам мемлекетіне" оқ жаудырды

ЭКСПО кейіпкерлерінің қорқынышты түрлері ел тұрғындарына ұнамай қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1380796-zhelide-dulattar-men-qonhyrattar-tural/

pixel