Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде интернат басшысы жетім балаларға көгеріп кеткен тамақ берген

Опубликовано:

Ақтөбе қалалық сотында Есет батыр атындағы интернат басшылығы мен мектептің бұрынғы аспазшыларының арасындағы дау қаралды. Судья Азамат Қабылдинов екі жақтың пікірін тыңдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қызметтерінен негізсіз шығып қалған алты бірдей аспазшы мектептегі көзбояушылықты айтып берді. Олар осыған дейін интернатта болып жатқан жантүршігерлік әрекеттерді тізіп прокуратураға шағым түсіреді. Қараша айында еңбек инспекциясына, прокуратураға шағым түсіріп, тексеріс жүргізуді сұраған аспазшылар шағымы ескерусіз қалған.

Аспаздардың батыл қадамына ашуланған мектеп басшылығы оларды сотқа беріп, жала жапты деп 800 мың теңге моральдық шығын талап етіп отыр. Ал Есет батыр атындағы интернаттың бұрынғы аспаздары құқық қорғау орындарына жазған шағымы үшін жұмысынан қуылған.

«Интернатта болған жағдайды жайып салғаннан кейін жұмыстан қуылдық. Алты аспаз да жұмыссыз жүрміз. Әрқайсымыздың отбасымыз, балаларымыз бар. 2002 жылдан бастап әр жерден қатынап жұмыс істеп жүрдік. Біз еңбек инспекциясына да арыз жаздық. Жұмыстан заңсыз шығарылғанымыз дәлелденді. Бірақ, ешқандай шара қолданған жоқ. Біз әлі күнге жұмысқа қайтып бара алмай жүрміз. Интернатта 135 бала болса, тамақты 100 балаға алады. Әрі қарай өздерің жеткізіңдер деп тапсырады», - дейді интернаттың бұрынғы бас аспазы Ұлболсын Смағұлова.

Аспаздар сотқа интернатта балаларға қандай тамақ беретінін жайып салды. Сөздеріне дәлел ретінде бұзылған тамақтардың суреттеріне дейін түсіріп алып, сотқа тапсырды. Оның ішінде бұзылған айран, шіріген тамақ бар. Аспаздар көгеріп кеткен сыр мен қарайып кеткен жемістерге дейін суретке түсіріп алаған.

«Интернатта жұмыс істейтін басшылардың барлығы балаларға арналған азғантай тамаққа ортақтасып отырады. Олар бізді жала жапты деп сотқа беріп жатыр. Біз енді ештеңеден тайынбай бәрін айтып береміз. Осыдан үш жыл бұрын жұмыс уақытынан тыс, кешкі сағат жеті шамасында мені жұмысқа шақырды. Қараңғы түсе жұмысқа жетіп, бастық айтқан етті фарш қылып тартып бердім. Сол етті тартып жүргенімде бір саусағымды турап алдым. Олар жедел жәрдем де шақырған жоқ. Мені қорқытып ауызымды аштырған жоқ. Енді сотқа бергеннен кейін ештеңеден тайынып қалар жайым жоқ», - дейді Ұлболсын Смағұлова.

Есет батыр атындағы интернатта аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балалар білім алады. Аспаздардың айтуынша, осы балаларға арналған тамаққа интернат әкімшілігі ортақтасып, өздеріне тамақ дайындап беруді бұйырып келген.

Сот түскен шағымға байланысты филологиялық экспертиза тағайындады.

Тағы оқыңыздар:

Салмағы 100 келіден асатын балерина шыр көбелек айнала биледі (видео)

Аршавин күтпеген жерден футбол жұлдыздарының үздік ондығына кірді

Жетпістен асқан Амантай қажы өзін жас санайтынын айтып, зейнеткер деп атамауды сұрады

Ақтөбеде полиция қолынан қаза тапқан жігіттің несиесін достары өтеп жатыр (фото)

Әкімнің есебін тыңдауға келген шымкенттік шенеунік өзін тойда отырғандай сезінген (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1381794-aqtobede-basshysy-et-tartudy-buyyrghan/

pixel