Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп ресми түрде АҚШ президенті атанды (видео)

Опубликовано:

Бүгін, 20 қаңтар күні, Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда миллиардер Дональд Трамп ресми түрде АҚШ президенті атанды.

Дональд Трамп ант қабылдап, ресми түрде Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті атанды.

Қызметіне жаңа кіріскен елбасы америкалықтарға арнап сөз сөйледі. Өз сөзінде ол билік бір президенттің қолынан екіншісіне емес, Вашингтон халықтың қолына өткенін мәлімдеді.

«Біз Америкадан қайтадан ұлы мемлекет жасаймыз", - деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Салтанатты инаугурация рәсімі 16 жастағы әнші Джеки Иванконың орындауындағы АҚШ әнұранымен аяқталды.

Миллиардердің өз қызметіне тікелей кірісуі бүгін тал түсте басталды (Астана уақытымен сағат 23:00-де) деп хабарлайды ТАСС.

Бұған дейін Трамп, дәстүр бойынша, Ақ үйге барып, Барак Обамамен кездесті. Кездесуден кейін жаңа елбасы Капитолий шыңындағы Конгресс ғимаратына барып, ант қабылдады.

Оған дейін вице-президент Майкл Пенс те ант қабылдау рәсімінен өткен болатын.

Тағы оқыңыздар:

Аршавин күтпеген жерден футбол жұлдыздарының үздік ондығына кірді

Меруерт Түсіпбаева жұртқа "қымбаттым" деп таныстырған ер адам кім?

АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы "Ислам мемлекетіне" қатысы барын мойындады

Ақтөбеде интернат басшысы жетім балаларға көгеріп кеткен тамақ берген

Қазақтың "Ким Кардашьяны" атанған қыз келбетімен жұртты сүйсіндіруде

Қытай баспасөзі қазақтың танымал әншісі туралы жарыса жазып жатыр (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1382400-donald-tramp-resmi-turde-aqsh-prezide-2/

pixel