RU

Алматыда көлік салондарының біріндегі әжетханаға кірген қыздың жүрегі тас төбесіне шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ірі көлік орталықтарының бірінде сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қыздың артынан еріп, оны жасырын бейне таспаға түсіріп алған деп хабарлайды 31 арна.

Туыстарымен бірге жаңа көлік таңдап жүріп, дәретханаға кеткен бойжеткен бірнеше минуттан кейін зәресі ұшып оралады. Белгісіз адам оның артынан еріп, қыздар бөлмесінде өзін таспаға түсіріп алғанын айтады. Аяғының астыңғы жағынан қылтиған Айфон камерасын байқаған клиент айқайлап, іле-шала оның артынан жүгіріп шыққан.

"Камераны көріп болғаннан кейін ұшты-күйілі жоқ. Кәдімгідей қашты. Оны полициямен алдыртып, ақыры шақыртып алдық. Ең соңында ақыры өзінің кінәсін мойындады. Алматылық жігіт, жасы 24-те, отбасылы, әйелі екіқабат екен. Арыз жазған кезде достарыммен осылай бәстестім, "слабо, ни слабо" дегендей түсіріпті", - дейді жәбірленушінің жеңгесі.

Намысы қорланған жәбірленуші тарап компания болған оқиғаны жылы жауып, өзімізге дүрсе қойып, салоннан асығыс қуып жіберуге асықты дейді. Тәртіп сақшыларын шақыртып, күдіктіні қуалап жүріп ұстап, атына арыз жазсақ та, өкініш білдіріп, кешірім сұрап тұрған ешкімді көрмедік деп наразы.

Ал компания өкілдері ол жігітті ертеңіне жұмыстан шығарып жібердік деп ақталып тұр. Айтуларынша, бір жарым ай бұрын қызметке қабылданған менеджер өзінің сынақ мерзімін де аяқтап үлгермепті.

"Бұл қызметкер отбасылы. Оның алдыңғы жұмыс істеген компаниясында жақсы еңбек өтілі бар, резюмесі жақсы. Ешқандай диспансерде, ешқандай есепте тұрған жоқ. Өмірде әртүрлі жағдай кездеседі ғой", - дейді авто орталықтың сату бөлімінің жетекшісі Илья Буланов.

Қазір жәбірленушілер полицияға арыз жазып, күдіктіге қатысты азаматтық іс қозғалуы мүмкін. Алайда заңгер Сергей Уткин бұл жағдайда күдіктіні ғана емес, жұмыс берушіні де жауапкершілікке шақырып, моральдық шығын талап етуге болады дейді.

Енді бойжеткеннің туыстары бейнежазбаның ғаламторға таралып кетуінен қорқып отыр. Егер күдікті таспаны жойып тастамай тұрып, оны өзге біреулерге таратып үлгерсе, тұрмысқа шығып үлгермеген қызымыздың болашағына балта шабылады деп налиды олар.

Тағы оқыңыздар:

Стангрит: Қанат Ислам үлкен жекпе-жектер өткізуі керек

Халық банкі Qazkom-мен келісіміне қатысты мәлімдеме жасады

Дональд Трамп ресми түрде АҚШ президенті атанды (видео)

Өскеменде балабақшаға кіріп кеткен сілеусін жұртты шошытты

Қалыңдық тойға трактормен келіп, арманын орындады (видео)

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда көлік салондарының біріндегі әжетханаға кірген қыздың жүрегі тас төбесіне шықты
Mailfire view pixel