Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кез келген қарым-қатынасты 60 секундта қалай жақсартуға болады?

Опубликовано:

Танысу қызметінің негізін қалаған танымал жаттықтырушы Бела Ганди кез келген қарым-қатынасты 60 секундта жақсартудың құпиясымен бөлісті.

Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды нығайту үшін:

1. Оны 60 секунд бойы құшақтап тұрыңыз. Егер ол сізді ұнататын болса, бұл тек жылылық сыйлайтын болады;

2. Оның бойындағы сізге ұнаған қасиеттері туралы хабарлама жіберіңіз. Немесе бірге өткізген кешіңізден қуанышқа бөленгеніңізді жазыңыз;

3. Сүйгеніңіз ұнататын сусынды, тәттіні сатып алыңыз. Мұндай кішігірім сыйлықтар ұнамауы мүмкін емес.

Достарыңызбен қарым-қатынасыңызды нығайту үшін:

1. Достық қарым-қатынасыңызды жандандырғыңыз келсе, кішігірім хабарлама жіберіңіз. Оған келесідегідей сөздер жазуға болады:

"Бүгін мен радиодан сен ұнататын әнді естіп қалып, сенімен тез арада көрісуім керек екенін ұқтым. Барда жолықсақ қалай қарайсың?"

2. Құрбыңызға еш себепсіз бір шоқ гүл жолдаңыз. Гүлдің қасына оның сіз үшін қымбат дос екенін жазып, хат қалдырыңыз;

3. Құрбыңызға ән салып, көңілін көтеретін сөздер айтылған аудиожазба жіберіңіз. Оның жүзіне күлкі оралатыны анық.

Балалармен қарым-қатынасыңызды нығайту үшін:

1. Балаңыздың түскі асы салынған ыдысына оны сүйетініңізді білдіретін кішігірім смайлик салсаңыз болады;

2. Таңғы асқа күліп тұрған жүрек пішіндес түрлі тағамдар әзірлеңіз;

3. Кешкі аста жақсы істері үшін мақтап қойыңыз.

Әріптесіңізбен қарым-қатынасыңызды нығайту үшін:

1. Барлық әріптестеріңізге тіскебасар сатып алыңыз. Шоколадтың өзі де жарай береді;

2. Сізге көмектескен әріптесіңізге алғыс айтуды ұмытпаңыз.

3. Басшыңызды шын жүректен мақтап тұру да маңызды.

Өзіңізбен қарым-қатынасыңызды нығайту үшін:

1. Өзіңізді бақытты ететін жеті әрекетті тізіңіз. Олардың біреуін болса да апта ішінде орындап отырыңыз;

2. Өзгеге жақсылық жасай отырып, өзіңіздің жаныңызды жадыратыңыз;

3. Өзіңіздің ең жақсы бес қасиетіңізді естен шығармаңыз.

Дереккөз: adme.ru

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев мемлекеттік билік өкілеттіктерінің қалай бөлінетінін айтты

20 жастағы қазақ қызы мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр (фото)

Қазақ енелері ұлы мен келінінің қайсысын көбірек жақтайды?

Үндістанда жүрген Сиви Махмұди түйеден оңбай құлап түсті (фото)

Павлодар облысында келінімен жанжалдасқан қайын ата түрмеге түсті

Ақмола облысында шымкенттік жігітпен қашып кеткен оқушы қыз елді дүрліктірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1386072-kez-kelgen-qarym-qatynasty-60-sekundta-q/

pixel