Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20 жастағы қазақ қызы мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр (фото)

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауылының тұрғыны, 20 жастағы Сая Ақанова мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр деп хабарлайды Palata.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бойжеткен колледжді бітіре салысымен, мал шаруашылығымен айналысу туралы шешім қабылдапты. Оқуды жаңа бітірген техник-байланысшыға туған жерінде жұмыс табыла қоймаған, алайда оған кәсіпкерлер палатасы дер кезінде көмек берді.

Ол жақтағылар қыздың ауылда бизнес бастау туралы идеясына қолдау көрсеткен. Отбасылық мал бордақылайтын алаң ашуға қажетті құжаттар жинауға көмектесіп, бизнес-жоспар құруға бір кісідей атсалысыпты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие алу үшін құжаттар өткізіп, өткен жылдың қараша айында несие берілген соң жоба іске асырыла бастаған.

Саяның өз бизнесін құруға деген құмарлығы бүкіл отбасын ортақ іске жұмылдыруға сеп болды. Оның айтуынша, дәл осы бағытты таңдауда ата-анасы жастайынан бойына сіңірген шыдамдылық, табандылық сияқты қасиеттер зор рөл атқарған екен.

«Мен кеңселік жұмысты емес, мал өсіру шаруашылығын таңдағаныма түк те өкінбеймін. Айналысып жүрген ісімді жан-тәніммен жақсы көремін. Мемлекеттік бағдарлама аясында бір жарым миллиондай қаржы алдым. Осы қаражатқа мал бордақылау алаңын жасай бастадық. Еңбек пен бар күш-жігерімді жұмсасам, бизнесім табысты болады деп сенемін», – дейді жас фермер.

Күршімдіктер Сая Ақанованы ашық, ақкөңіл, жайдары қыз ретінде таниды және осы қасиеттері оны ауданның жетекші кәсіпкері атануға көмектеседі деген сенімде.

Осылайша, жас кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік тетігі тағы бір биік мақсаттың іске асуына түрткі болды. Сая Ақанованың ендігі арманы – шағын мал бордақылау алаңын ірі шаруа қожалығына айналдыру.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев мемлекеттік билік өкілеттіктерінің қалай бөлінетінін айтты

20 жастағы қазақ қызы мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр (фото)

Қазақ енелері ұлы мен келінінің қайсысын көбірек жақтайды?

Үндістанда жүрген Сиви Махмұди түйеден оңбай құлап түсті (фото)

Павлодар облысында келінімен жанжалдасқан қайын ата түрмеге түсті

Ақмола облысында шымкенттік жігітпен қашып кеткен оқушы қыз елді дүрліктірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1386079-20-zhastaghy-qazaq-qyzy-mal-sharuashylyghyn-d/

pixel