Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар "Ақырзаман сағаты" 30 секундқа алға жылжығанын айтып, дабыл қақты

Опубликовано:

"Атом ғалымдарының бюллетені" ұйымы Чикаго университетінде орнатылған адамзат дағдарысының символы "Ақырзаман сағаты" 30 секундқа алға ілгерлегенін хабарлады деп жазады The Qazaq Times.

Аталған ұйымның ғалымдары "ақырзаман нүктесіне" 2,5 минут қалды деп дабыл қақты.

"Қазір адамзат 20 жылдан бергі Қияметке ең жақын мезгілде тұр", – дейді ұйымның директоры Бронсон Уашингтон.

"Атом ғалымдары бюллетені" ұйымының қарауынша, АҚШ-тың жаңа президенті Доналд Трамптың шешімдері мен пікірлері әлем қауіпсіздігінің бет-бейнесін түнек түнге бастап, әлем тыныштығын тұрақсыз күйге алып келеді.

Сондықтан, "Ақырзаман сағаты" 30 секундқа алға ілгерлеген.

Айта кетейік, 1945 жылы әлемдегі алғашқы атом бомбасын жасауға қатысқан, америкалық ғалымдар тобынан "Атом ғалымдары бюллетені" ұйымы құрылды. Ұйым атом қаруын пайдалануға қарсы тұруды мақсат етті.

1947 жылы олар Чикаго университетінің ауласына, адамдардың қиямет-қайымға ұшырауы мүмкін екенін ескертетін "Ақырзаман сағатын" орнатты. Ол әлемге ақырзаманның дабылын қағып, атомнан келетін "Қияметтің" символы ретінде бағаланды.

Тағы оқыңыздар:

Әлем алдында мінсіз мүсінін паш еткен Дарина Құлсейітова жеңіске жете алмады (фото)

Танымал дінтанушы Димаш Құдайбергеннің жетістігіне қуанғандарды сынап тастады

Төрт жігіт жабылып зорлаған Жібек Мусинованың үйіне белгісіз біреулер ұятсыз сөз жазып кеткен (фото)

Ақтөбелік жігіт жалқау қыздардың әуретті жеріне массаж жасап, отбасын асырап жүр

ОҚО-да ауыл тұрғындары өркениеттен қалып кеткеніне ашынды (фото)

Ұлының екінші жеңісіне куә болған Димаштың анасы көз жасын тоқтата алмады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1391937-ghalymdar-aqyrzaman-saghaty-30-sekundqa/

pixel