Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың әкесі ұлының жеңісінен саяси астар іздегендерге жауап берді

Опубликовано:

Қытай елінің танымал ән байқауына қатысып, оның алғашқы екі кезеңінде үздік әнші ретінде танылған Димаш Құдайбергеннің жеңісі бүгінде ел аузында. Алайда жуырда танымал дінтанушы Мұртаза Бұлұтай оның бұл жеңісінің саяси астары бар екенін айтып, оған қуанудың қажеті шамалы деген болатын. Оның дәл осы пікіріне Димаштың әкесі Қанат Айтбаев үнсіз отыра алмады.

Ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазба қалдырып, дінтанушының бұл пікіріне наразылық білдірді.

"Бұлұтай мырза, сонда, сіздің ойыңызша, музыка, өнер, еңбек емес екен ғой? Бұл сала зияткерлікке де жатпайтын шығар? Жеті жыл музыка мектебінде, одан соң төрт жыл колледжде, бес жыл жоғары оқу орнында оқып, күні-түні аспаптың жанында даярланып, өзін-өзі шыңдап, ел атынан өнер көрсету үшін тер төгу — сіздің ойыңызша еріккеннің ермегі екен ғой?", - деп наразы болды ол.

"Музыканың қыр-сырын меңгеріп, мемлекеттің атынан шет жерде сынға түсу үшін қаншама оқып, тіл үйреніп, репертуар даярлап, қиын партияларды жаттап, іздену де, сіздіңше, білімділікке жатпайды екен ғой?", - деген ол әншінің де еңбегі зор екенін еске салды.

«Қазақтың ұлдары мен қыздары қандай келбетті, талантты!» - деп басқа елдер сүйінсе, неге шымбайыңызға батады? Әлде сізге қазақты ұсқынсыз етіп көрсеткен ұнай ма? Оның астарында не бар?", - деп қарсы сауал тастады Қанат Айтбаев.

Сонымен бірге, ол елдің атын шетелге шығарудың артында қаншама еңбек жатқанын да айта кетеді.

"Димаш бұл сайысқа біздің жеке қалауымызбен Қытай тарапына ұсыныс түсіргеннен кейін бірнеше іріктеу кезеңінен өтіп, кәсіби шеберлігін толық дәлелдегеннен кейін ғана қатысуға жолдама алды", - дейді әншінің әкесі.

Сонымен бірге, ол Димаштың бұған дейін де көптеген байқауларға қатысқанын, соның бірінде де өз ұлтының мүддесін аяқ асты етпегенін тілге тиек еткен.

"Алла бұйыртса, Еуропа, Америкадағы сындарға да барар. Онда да Димаштың қатысуын сол елдердің саясатымен байланыстырамыз ба? Ал қазіргі кейбір қазақтың ана тілін білмей, көрші мемлекеттің тілінде сөйлейтіндігі үшін кейбір адамдардың ұлт мүддесін қолдан беріп жүргендігі үшін, отаншыл еместігі үшін Димаштың қандай кінәсі бар?", - дейді наразылық білдірген әнші.

"Ал енді біріміз шыңға өрмелеп бара жатқанда екіншіміз оның балағына жармасып жатсақ, ел мүддесі туралы әңгіме айтудың өзі артық", - деп жазды әншінің әкесі.

Тағы оқыңыздар:

Ең арзан шұлық 40 мың теңге тұратын брендті дүкендерден кімдер киінеді? (фото)

Шымкенттік қыздарға шетелде жезөкше атануға шақыратын хабарлама келіп жатыр (фото)

Сегіз жылын жындыханада өткізген Маржан Тұрлыбаеваны көпшілік Рианнаға ұқсатты (фото)

Алматылық дәрігерлер Универсиадаға келген FISU мүшесін ажалдан аман алып қалды

Универсиада – 2017 дирекциясының штаттағы қызметкері қайтыс болды

Махаббат жасқа қарамайды: қазақтың Алла Пугачевасы кім?

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1394876-dimashtynh-akesi-ulynynh-zhenhisinen-sayai/

pixel