Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірнеше өңірінде қатты қар жауып, тұман болады

Опубликовано:

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталып, кей жерлерде қар жауады. Сондай-ақ, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен желдің күшейуі күтіледі. Қостанай облысының  кейбір өңірлерінде жаяу бұрқасын, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді,тұман болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.

Атырау, Батыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде  көктайғақ, бұрқасын  болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының  кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 18 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде және таңертең туман болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус жантүршігерлік апатқа ұшырады (фото)

Димаштың қытайлық жанкүйерлері Абайдың өлеңдерін жаппай жаттауға көшті

Павлодарда төрт оқушы сабақ үстінде есінен танып құлап қалды

Жарақат алған жауынгердің анасы әкімдікті сотқа сүйремек

Витастың продюсері Димашты арзанқол пираттық өнім деп атады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1395951-elimizdinh-birneshe-onhirinde-qatty-qar/

pixel