RU
Танымал актриса елден көмек сұраған сегіз баланың анасын сөгіп тастады (фото)

Танымал актриса елден көмек сұраған сегіз баланың анасын сөгіп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал актриса Гүлшарат Жұбаева сегіз баланы дүниеге әкелген жалғызбасты ананың күйін көріп, балаларды ойланбай туа берген жөн емес екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі жазбалардың біріне жазылған пікірінде айтты.

"Қазір ғана 8 баласы бар әйелге қолымнан келгенше азық-түлік апарып қайттым. Ана балапандардың қандай жерде тұрып жатқанына қарап тұру мүмкін емес. "Елім, жұртым өлтірмейді" дейді. Бұл ой қаншалықты дұрыс? Басында үйі, жағдайы жоқ адамның 8 балаға жеткенше мемлекетке сеніп, туа беруі, меніңше, дұрыс емес. Сондағы 8 балаға алатын бір айлық жәрдемақы - 8 мың теңге", - деп күйінді актриса.

Ол өз көзімен көріп келген отбасының қиын жағдайын айтты. "Күнде ауыратын балалардың тұрып жатқан жері адам тұрғысыз", - дейді ол.

"Алланың бергені дейміз. Халық көмектесіп, біраз адам қол ұшын созып та жатыр. Бірақ, сыз баскан үйде балапандары күнде ауырады. Қабырғалары тесік, жары құлап қалайын деп тұр. Қара жерге кілем төсей салған. Барлық жер ызғар, балшық. От жағып жылытады екен. Қарды ерітіп, суын ішеді", - деген ол баланың саны емес, сапасына мән берген дұрыс деп есептейді.

"Көзін ашқаннан дұрыс тамақ ішпей, бүтін киім кимей, көк жөтелмен алысады. Сапалы білім алмай өскені қаншалықты дұрыс? Табалайын деген ойым жоқ. Тек Алланың берген балапандарына қиянат істемей, "сапалы" балаларды өсіруіміз керек. Балапандар тірі жан ғой, олар да, басқа балалар сияқты қалағанын жеп, толыққанды өсуі керек. Өскенде ауру, білімсіз, саны көп азамат болғаны кімге қажет? Саны емес сапасына мән берсе екен аналар. Мен ойланбайтын анасын, әкесін емес, балаларды аяймын",- деді ол.

Сонымен бірге, ол сегіз балалы анаға баспана алу мәселесін де қолға алуды ұсынды.

Тағы оқыңыздар:

Австрияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы допинг дауына ілікті

Қазақ қыздары туралы бар шындықты жайып салған жігіт сынның астында қалды

Жеңгесі қызымды зорлады деп өтірік жала жапқан жігіт ақыры сотталып кетті

Димаш Қытайдағы танымал адамдар рейтінгісінде көш бастап тұр (фото)

ШҚО тұрғындарының мойнына 8 жыл бойы жалған несие ілініп келген

Рой Джонс Головкинге қандай кеңес берді?

Сіздің реакцияңыз
71
13
11
49
0
247
20
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel