RU
Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Рассказать Вконтакте

Серік Ахметовтың ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты деп хабарлайды 31 арна.

Алайда, бостандыққа шыққандардың арасында экс-премьердің өзі жоқ. Бұл жолы жазадан құтылған облыстың бюджетін талан-таражға салды деп айыпталған Айдос Жәкенов. Ол Қарағандыдағы  тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімін басқарған еді.

Судья кәсіпкерлікке кедергі келтіргені үшін бір жарым жылға шартты түрде сотталған Айдос Жакенов жазасын толық өтеп болған соң да қадағалауда болуы тиіс деп шешкен. Бірақ, Қарағанды облысының қылмыстық атқару жүйесі департаменті тәртіпті бұзбаған сотталушыға рақымшылық жасауды сұраған.

Осылайша арыз толық қанағаттандырылды. Айдос Жакеновтың өтелмеген төрт айы бар. Он жылға темір торға тоғытылған Серік Ахметовпен бірге тағы 20 бұрынғы лауазымды шенеунік сотталған еді.

Атышулы іс бойынша рақымшылыққа іліккен Айдос Жакенов осымен үшінші айыпталушы.

Тағы оқыңыздар:

Австрияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы допинг дауына ілікті

Қазақ қыздары туралы бар шындықты жайып салған жігіт сынның астында қалды

Жеңгесі қызымды зорлады деп өтірік жала жапқан жігіт ақыры сотталып кетті

Димаш Қытайдағы танымал адамдар рейтінгісінде көш бастап тұр (фото)

ШҚО тұрғындарының мойнына 8 жыл бойы жалған несие ілініп келген

Рой Джонс Головкинге қандай кеңес берді?

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel