Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде хиджабқа оранып алса да шылым шегуден ұялмайтын қыздар көбейген

Опубликовано:

Шымкенттегі жоғары оқу орындарының біріндегі оқитын бойжеткен хиджаб киіп, шылым тартатын қыздардың жағдайына алаңдаушылық танытты, деп хабарлайды NUR.KZ-тің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының дін саласы өкілдерімен өткен кездесуінде өзін Салтанат Мархабайқызы деп таныстырған бірінші курс студенті «қызға қырық үйден тыю» дегенді алға тартып, өз көкейінде жүрген сауалды жолдады.

"Қысқа белдемше кию қыз баласы үшін – күнә деп жатады. Кейбір қыздарымыз бар мешітке намаз оқуға барғанға дейін шалбар не қысқа белдемше киіп алып, мешітке кірерде хиджабқа оранады. Мешіттен шығарда қайтадан киімдерін ауыстырып алады... Хиджаб киетін қыздардың кейбірі темекі тартады. Жақында Тараз қаласына барғанымда тұмшаланып оранған қыздардың дәретхана бөлмесінде темекі тартып тұрғанын көрдім. Олар "шылым шегу – күнә емес, намазға оқып, күнәларымызды шаямыз" дейді", - деді студент.

Бұл сауалға жауап берген облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Нұржан Тұрсынбай  намазды тек бүркеніп, хиджаб киетіндер ғана оқуға міндетті емес екенін алға тартты.

«Қыз баланың ақиқатында ұятты жерін жауып жүруі - ата бабаларымыздың салты. Біздің ешқайсысымыз әйеліміздің, әпке-қарындастарымыздың ашық-шашық жүргенін қаламаймыз. Себебі сіздің мүсіндеріңіз Алланың берген үлкен сыйы деп есептеу керек. Ал хиджаб дегенді дұрыс түсіну қажет. Намаз оқитын адам міндетті түрде хиджаб кимейді деп уәж айта алмаймыз. Бастысы, етек-жеңі жабық болуы шарт. Ол костюм-шалбар немесе өзге киім болуы мүмкін. Ал қыздардың бүркеніп жабық киініп алып, шылым шегу секілді теріс әрекет жасауына қосыла алмаймын. Намазбен оны жуып-шаямын деген шариғат ұғымына сыймайтын нәрсе», - деді Нұржан Тұрсынбай.

Тағы оқыңыздар:

Германияда жаңа президент сайланды (фото)

Бульдозердің үстінде түсірілім жасаған жас жұбайлар елді таң қалдырды (фото)

Африкада жыртқыш аңдармен "дос" болып кеткен француз қызы туралы не білесіз?

Танымал қазақ ақыны өмірден озды

Шашы ағарып кеткен Мейрамбек Беспаев адам танымастай өзгерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1406839-shymkenttik-boyzhetken-khidzhab-kiip-shyl/

pixel