RU
Ауылда от жағып, бала бағудан шаршаған ақтөбелік әжей үйінен безіп кетті (фото)

Ауылда от жағып, бала бағудан шаршаған ақтөбелік әжей үйінен безіп кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде әкімдердің қабылдауына жазылып, баспана сұрап жүрген қария NUR.KZ порталына жағдайын айтып берді. Ауылда от жағып, сиыр сауып, бала бағудан шаршаған әжей, келінінен қашып, пәтер жағалап жүр.

«Өзім бала тумаған адаммын. Әйелі қайтып, 7 баламен қалған адамға 37 жасымда тұрмысқа шықтым. Шалым менен 14 жас үлкен болды, 2004 жылы қайтты. Ол кісімен 36 жыл бірге тұрдым. Шалым қайтқаннан кейін оның балаларымен 5 жыл тұрдым. 2009 жылдан бері Ақтөбеде пәтерде тұрамын», - дейді Қайынжамал Келібаева.

Қария қалаға Қобда ауданы Қызылжар ауылынан келген. Шалының балалары көпбалалы болғандықтан келінмен сыйыспай келгенін айтты.

«Балалардың бәрі өздері ата-әже болып отыр. Ол балалардан маған көмек жоқ. Ұлда 7 бала, қызда 10 бала. Өздеріне әрең жеткізіп отыр. Жамандап қайтейін, олар «бақпаймыз» деген жоқ. Қолымда қалатын ең соңғы келін татар болған соң өзім кетіп қалдым. Екеуміз үйлескен жоқпыз», - дейді әжей.

76 жасында баладан безіп, қалаға келген қария бір үйдің бір бөлмесін жалдап тұрады. Пәтер ақысы үшін бір үйдің бір бөлмесіне 10 мың теңге төлеп отыр. Іс тігумен айналысады. Пәтер иесіне көрпе тігіп беріп, пәтерақысын арзандатып алған.

«Балалар «бағам» дейді. Ауылда не бар?! Онда от жағасың, сиыр сауасың, тамақ пісіресің, бала қарайсың. Ол маған керек па? Өзім әрең жүргенде бала бағып отыра алмаймын деп кеттім. Зейнетақымды алып, пәтер жалдап тұрып жатырмын. Пәтер иелері қасымызда коттеджде тұрады. Ескі үйінің 5 бөлмесін бес адамға пәтерге беріп отыр. Әрқайсысы 15 мыңнан төлейді. Көрпе тігетін болған соң менен 10 мың теңге алады», - дейді Қайынжамал Келібаева.

Қарияның пәтеріне аптасына екі рет әлеуметтік көмекшілер келіп үй жинап, азық-түлік әкеліп береді.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік дін қызметкері халықты елбасы мен оның отбасына дұға етуге шақырды

Есеп комитетінің басшысын Ұлттық пантеонда жерлеуі мүмкін

Елімізде хиджабқа оранып алса да шылым шегуден ұялмайтын қыздар көбейген

ЛГБТ өкілі еліміздегі қалталы гейлер туралы айтып берді (видео)

Димаш Құдайбергенов қытайлық журналистерге "Дударай" әнін айтып берді (видео)

 

Сіздің реакцияңыз
37
7
3
79
0
10
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel