RU
Алматыдағы қате жазылған көше атауы белгілі продюсердің ашуын келтірді (фото)

Алматыдағы қате жазылған көше атауы белгілі продюсердің ашуын келтірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы көшелерінің бірінің атауындағы қате танымал продюсер Серік Абас-шахтың шамбайына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Продюсер Instagram парақшасында желі қолданушыларынан тақтайшадағы көше атауының қай тілде, қай әліпбимен жазылғанын сұрайды.

"Миым жетпей жатыр. Айтыңдаршы, мынаның жоғары жағына жазылған көшенің аты қай тілде, қандай алфавиттің үлгісімен жазылған?", - дейді ол. 

Продюсердің жазбасында Алматыдағы Розыбакиев көшесіне көлденең жатқан Дүйсенов көшесінің атауындағы "й" әрпінің орнына "і" әрпінің қолдануы сөз болған. 

Оған желі қолданушыларының бірі бұндай қателердің жиi кездесетіні туралы жазған.

"Бұндай қателер Қазақстанның солтүстік өңірлерiнде жиi кездеседi", - деп жазады желі қолданушысы.

"Көрмейін десеңде шел болып көрініп тұрады. Бұлай тұрғанына біраз жыл болды өткен сайын "әлі ауыстырмапты ғой" деймін. Оптовка базары ғой. Қатемен тұрған көше жетерлік Алматыда. Ояныңдр! Дейміз, басқа не дейміз?", - деп пікір қалдырыпты тағы бірі продюсердің бұл жазбасына.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік дін қызметкері халықты елбасы мен оның отбасына дұға етуге шақырды

Есеп комитетінің басшысын Ұлттық пантеонда жерлеуі мүмкін

Елімізде хиджабқа оранып алса да шылым шегуден ұялмайтын қыздар көбейген

ЛГБТ өкілі еліміздегі қалталы гейлер туралы айтып берді (видео)

Димаш Құдайбергенов қытайлық журналистерге "Дударай" әнін айтып берді (видео)

Сіздің реакцияңыз
61
2
2
9
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel