RU
Көліктің жанында эротикалық фотосессия жасаған ару бар шындықты жайып салды (фото)

Көліктің жанында эротикалық фотосессия жасаған ару бар шындықты жайып салды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бұған дейін Астанада зәулім үйдің ауласында жалаңаш фототүсірілім жасаған қыз әлеуметтік желілерді шулатқан еді. Сондай-ақ, оған әкімшілік айыппұл да салынған. Өзін Әйгерім деп таныстырған ару неліктен мұндай қадамға барғанын айтып берді.

Hommes сайтына берген сұхбатында бойжеткен қыстың күні аязда эротикалық фототүсірілім жасау сүйіктісінің ойы болғанын ашық айтты.

"Барлығы қарапайым нәрсе. Біз сүйіктім екеуміз көлікте отырдық. Көңіл-күйіміз жақсы болды. Содан соң бір ой келді. "Неге суретке түспеске?" дедік. Ұзақ ойланып отырмадым. Мен тек өзім үшін және ғашығым үшін әдемі сурет жасағым келді", - деп бастады сөзін ол.

"Сүйіктім менің шешініп суретке түсуіме қарсы болмады. Өйткені, екеуміздің көзқарасымыз сәйкес келеді. Біз бұл нәрсеге жай ғана көңіл көтеру деп қарадық. Осы орайда, көлік менің жігітімдікі екенін айта кетейін. Ал, оның аты-жөнін жариялауды жөн көрмеймін"

"Айыппұл төлеуге тура келгенін ескермейтін болсақ, аталмыш оқиғадан кейін өмірім анау айтқандай өзгерді деп айта алмаймын. Біз бұл әрекетке барғанда құқықбұзушылық болады деп ойламаппыз. Маған ұнамағаны, полиция қызметкерлерінің менің жеке куәлігімді суретке түсіріп алып, оны әлеуметтік желілерге таратып жібергені. Олардың бұл қылығын кәсібилікке жатқызуға болмас. Ал, танымалдылыққа келер болсақ, иә, көшеде жүргенде адамдар мені танып жатыр. Көбінесе жігіттер қауымы жаныма келіп, түрлі лебіздерін білдіруде. Әлеуметтік желілерде белсенді емеспін"

"Кез-келген адамның өз ойын ашық айтуға құқығы бар. Бірақ, оны қоғамдық пікірге жатқызуға болмас. Менің тарапыма айтылған жағымсыз пікірлердің бәрін де дұрыс қабылдаймын. Бәлкім, олар үшін дұрыс емес нәрсе жасаған шығармын. Бірақ, дәл сол кезде және одан кейін де артық ештеңе ойлаған жоқпыз. Мені таңғалдырғаны - біздің елде әп сәтте танылып кетуге мүмкіндік көп екен"

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Астанада жалаңаштанып суретке түскен қызды қолдап шешініп тастаған бойжеткен туралы жазған болатынбыз.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Шымкент жақында миллион тұрғыны бар үшінші қалаға айналады

Петропавлда 24 жастағы құрылысшы жігіт 14 қабаттан құлап көз жұмды

Шымкентте бірден үш қылмыстық топ қолға түсті (фото)

Сәпиев: Қанат Ислам нокаутпен ұтады деп ойлаймын (видео)

Елбасы Германияның жаңа президентін Қазақстанға шақырды

Сіздің реакцияңыз
395
28
31
13
0
127
20
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel