Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Опубликовано:

Экраннан мінсіз сұлу көрініп, халық ықыласына ие болып жүрген әншілердің үйдегі өмірі баршаны қызықтыратыны анық. Қол жетпес жұлдыздай көрінетін «жұлдыздар» қайда тұрады?

NUR.KZ порталы ел сүйіктісіне айналған эстрадағы әншілердің кең сарайдай зәулім үйлерін назарларыңызға ұсынады.

Мейрамбек Беспаев

Танымал әнші Мейрамбек өзінің үйін көп көрсете бермейтіндердің қатарында. Дегенмен, оның екі қабатты зәулім үйі жұбайы ұлды болып, оны перзентханадан шығарған күні ел назарына ілікті.

Бейбіт Сейдуәлиева мен Тоқтар Серіков

Бейбіт пен Тоқтардың үйі де ел назарынан тыс қалып жатады. Бірақ, олардың үйінің сыртқы көрінісі отандық телебағдарламалардың бірінде жылт етті де, байқалып қалды.

Ақбота Керімбекова

Әнші Ақбота бұл үйді «өзі» салды. Яғни, құрылысшы болып базардан құрылыс материалдарын сатып әкеліп, еркектің жұмысын өзі атқарды.

«Бәрі де - балаларым үшін», - дейді әнші.

Гүлзира Айдарбекова

Жуырда Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира да өзінің хан сарайындай кең үйін көрсетті.

Салтанаты келіскен үйі желі қолданушыларын таң қалдырған еді.

Жазира мен Жанболат

Бұл жұп өздерінің биік, екі қабатты үйін биыл бітіріп, биыл ғана қоныстанды. Бұл туралы ол отандық бағдарламалардың бірінде айтты.

Үйіне журналистерді арнайы шақырып, бөлмелерді аралап шыққан Жазира үйдің интерьеріндегі ақ түсті ұнататынын айтты. Ал қызыл немесе сары түсті бөлмелерді әнші ұнатпайтын көрінеді.

Жеңіс Ысқақова

Жеңіс Ысқақова үйін жолдасының тапқан адал еңбегінің арқасында салдық дегенді айтады. Оның үйі де - екі қабатты зәулім сарай.

Әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы үйін салып бітіргенде, желі қолданушылары оның үйінің сәніне қатты таңданған еді.

Заттыбек Көпбосынұлы

Сырт келбетіне қарасаң, оның үйінің қасында басқа әншілердің үйі жолда қалады. Үйдің сәулетіне аса мән берген әншінің үйін бейне бір патша сарайы дерсің. Армандайтындай үй  - Заттыбектікі.

Төреғали Төреәлі

«Ұлы дала баласының» үйі де «ұлы», биік болуы керек шығар? Күні кеше ғана Қызылордадан Алматыға көшіп келген Төреғалидің отбасы аз уақыттың ішінде осындай зәулім үй салып үлгерген. Ауласы кең, бағы мен бақшасы да бар үйін Төреғали журналистерге өзі көрсеткен.

Салтанат Бақаева

Актриса Салтанат Бақаева өз шаңырағының ата-енесінің адал еңбегінің арқасында салынғанын айтады. Сыртынан қарағанда шап-шағын көрінетін үйде Салтанат жұбайы және балаларымен бірге тұрып жатыр.

Аша Матай

Бұл үй -  Аша Матай ұзатылып шыққан ата-анасының үйі. Ол тұрмысқа шыққанға дейін осы үйде тұрды. Қазір ол жұбайы Арман Қоңырбаевтың шаңырағында. Ашаның айтуынша, ол ата-енесінен бөлек кетуді әу бастан-ақ ойламаған.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Шымкент жақында миллион тұрғыны бар үшінші қалаға айналады

Петропавлда 24 жастағы құрылысшы жігіт 14 қабаттан құлап көз жұмды

Шымкентте бірден үш қылмыстық топ қолға түсті (фото)

Сәпиев: Қанат Ислам нокаутпен ұтады деп ойлаймын (видео)

Елбасы Германияның жаңа президентін Қазақстанға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1408150-otandyq-zhuldyzdardynh-khan-sarayynday-3/

pixel