RU
Бақытжан Сағынтаев қыруар қаржыны игере алмаған әкімдерді сөгіп тастады

Бақытжан Сағынтаев қыруар қаржыны игере алмаған әкімдерді сөгіп тастады

Рассказать Вконтакте

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 2 млрд теңге игерілмеген. Осыған байланысты үкімет отырысында премьер министр Бақытжан Сағынтаев аталмыш өңір басшыларының жұмысын сынға алып, олардан келесі жолы орынсыз ақша сұрамауды талап етті деп хабарлайды Baq.kz.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың есебінше, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша өңірлерге бөлінген 2 млрд теңге игерілмеген. Бөлінген қаржының басым бөлігін Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары тиімді жұмсай алмапты.

Үкімет отырысында игерілмеген қаражат бойынша алдымен есепті Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин берді. Кейін Қостанай өңірінің басшысы Архимед Мұхамбетов аталмыш бағдарлама бойынша 300 млн-ға жуық қаржының неге игерілмегендігін Үкімет басшысына түсіндірді. Бірақ әкімнің жауабына Бақытжан Сағынтаевтың көңілі толмады.

«Екі облыс әкімінің есебін тыңдадым. Менің түсінуімше, өзім кінәлі сияқтымын. Себебі, маған бұл туралы ақпарат беріліп, есеп тапсырылған болатын. Сіз неге бұл туралы айтып отырсыз? Ақшаны игере алмасаңыздар, сұрамаңыздар. Маған да алдын ала келмейтін боласыздар. Бұл сіздерге ғана қатысты емес. Жалпы айтып отырмын», - деді премьер министр.

Еске сала кетейік, бүгін үкіметте инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қарастырылды.

Тағы оқыңыздар:

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен атыраулық ғашықтардың махаббат хикаясы

Көліктің жанында жалаңаштанған бойжеткен бар шындықты жайып салды 

Әулие Валентин күнін алматылық жастар қалай атап өтеді? (фото)

Астана халқы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасып жатыр

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Әбілязов Ұлттық бюроның шақыртуына пысқырмады

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
0
11
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel