RU

БҚО әкімі 56 млн теңгелік жаңа көлікті қайдан алғанын айтып берді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов 56 млн теңге тұратын жаңа қызметтік көлікті қайдан алғанын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы өңір басшысының блогына сілтеме жасап хабарлайды.

Көлгінов әкімдіктің коллегиялық орган екенін еске салып, мүлік өз атында еместігін алға тартты. Мәселен басқарма балансында келесі көліктер бар: 1988-2015 жылғы «Тойота», «Лада», «ГАЗель», «УАЗ», «ГАЗ».

"Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейінгі уақытта алынған көліктерден өзге барлық көлік жергілікті бюджет есебінен алынды (...). Бұған дейін жалға алынған «Мерседес» 2012 жылдан бері жалға берілген. Жалға беру мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанында бітті (ай сайын жалға алу ақысына 7 мың теңге төленіп тұрды)», – дейді ол.

Мәліметтерге сәйкес, 2016 жылы БҚО әкімі аппараты көлік сатып алған емес және көлікке бюджеттен қаржы бөлінбеген.

"Ал "Ауди А8" көлігіне келсек, ол заңға сәйкес, қызметтік көлік ретінде жалға алынған. Бұл маркаға қандай да бір арнайы тапсырыс жасалған емес", – дейді Көлгінов.

Ол көптеген дамыған елдер бюджетті үнемдеу мақсатында көлікті жалға алатынын алға тартты.

"Ауди А8" көлігін бес жылға жалға алу 3-15 млн теңгеге барады - бұл жаңа көлік сатып алғаннан әлдеқайда арзан", -  дейді әкім.

Тағы оқыңыздар:

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен атыраулық ғашықтардың махаббат хикаясы (фото)

Бақытжан Сағынтаев қыруар қаржыны игере алмаған әкімдерді сөгіп тастады

Ерке Есмаханның студенттік кездегі суреті жұртты шошытты (фото)

Көліктің жанында эротикалық фотосессия жасаған ару бар шындықты жайып салды (фото)

Әлемдегі ең қанішер әйелдері туралы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1408979-bqo-akimi-56-mln-tenhgelik-zhanha-kolikti-q.html