RU
ШҚО-да дәрігер доп ойнап жүріп жұмысқа келмеген әріптесімен төбелесіп қалды (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

ШҚО-да дәрігер доп ойнап жүріп жұмысқа келмеген әріптесімен төбелесіп қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында әріптесі аяусыз соққыға жыққан дәрігер ауыр халде ауруханада жатыр. Гинеколог Олжас Нұрғалиев иіс тиіп ауруханаға түскен жүкті әйелдің жағдайын айтамын деп соққыға жығылды.

Бұл туралы ШҚО-дағы NUR.KZ тілшісі хабарлады.

Олжас Нұрғалиев Күршім аудандық ауруханасында гинеколог дәрігер болып қызмет етеді. Ауруханаға иіс тиіп түскен жүкті келіншекті тексерген ол науқасты бір күн бойы жансақтау бөлімінде жатқызуға шешім қабылдайды. Осы орайда, науқастың жағдайын тексертіп, жансақтау бөліміне қабылдау үшін реаниматолог дәрігер Бауыржан Құмарғалиевті жұмысқа шақыртады.

«Жүкті әйелді тексеру үшін Бауыржан Құмарғалиевті үйінен жедел-жәрдеммен шақырттым. Келмеді. Ұялы телефонына хабарласқанымда доп тебуге бара жатқанын айтты. Мен өз міндетіме сәйкес, келіншек пен іштегі баланы толық тексердім де, жансақтау бөліміне тастап кеттім», - дейді Олжас Нұрғалиев.

Бірақ бақылауда қалған науқасты тексерген Бауыржан Құмарғалиев ашуға булыққан көрінеді. Одан ешқандай сырқат анықталмағандықтан, жұмысқа шақыртқан әріптесіне қоңырау соғыпты.

«Ол маған ашулы күйінде телефон шалды. Мен бар болғаны оны тексеріп болған соң басқа да жүкті әйелдер сияқты перзентханада қаралуға рұқсат беріңіз деп айттым. Рас, болған жағдайды мен басшылыққа баяндадым. Себебі, науқас ауыр жағдайда келді. Ал дәрігер доп тебемін деп жұмысқа келмей қойды. Егер науқастың жағдайы жақсы болса, мен оны үйінен шақыртпас емес. Кейін ол өз әрекетін басшылыққа жеткізгені үшін мені үйімнен алып кетіп, далалық жерде соққыға жықты», - дейді Олжас.

Ашуға булыққан дәрігер мәселені сөзбен емес жұдырықпен шешуге бекініпті. Жәбірлеушінің айтуынша, еңгезердей дәрігердің қапыда берген бір соққысынан ол қатты есеңгіреп қалған.

«Өлімші етіп сабап, далаға тастап кетті. Абырой болғанда, біраз уақыттан кейін есімді жинап, жергілікті полицияға өзім бардым. Олар арыз жаздырып, ауруханаға жеткізді. Мен онда бір тәулік бойы ес-түсімді білмей жаттым. Тіпті, келген туыстарым мен әріптестерімді танымайтын халге түстім. Үш бірдей диагноз қойды. Атап айтқанда, бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы және миға қан құйылу. Енді кешірмеймін. Әріптесім болса да, елудегі азаматтың мұнысы ұят. 20 жылдық тәжірбиесі бар. Өзі кешірім сұрап келгенімен кінәсін мойындамай тұр», - дейді Олжас Нұрғалиев.

Осылайша, әріптесінен соққы алған Олжас Нұрғалиевтің денсаулығы толық қалпына келмеген. Қазір ем-дом алу үстінде. Ал жұдырық жұмсады деген Бауыржан Құмарғалиевке қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Заттыбектің әр тойдан қанша алатынын естіген тұрғын шалқасынан түсті (фото)

Ким Чен Ынның бауырын қысқа белдемше киген сұлу бойжеткен өлтіріп кетті (фото, видео)

Ақтөбелік имамдар байлар берген садақаны ысырап қылып, көліктерді қиратуда (фото)

Шымкенттік әнші Маржан Тұрлыбаеваны бауырына басып, кейін үйінен қуып жіберген (фото)

Аша Матайға дейін Арман Қоңырдың жүрегін жаулаған ару кім? (фото)

Сіздің реакцияңыз
101
3
11
4
4
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel