Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путинге тіл тигізген ақтөбелік блогер 3 жылға сотталып кетті

Опубликовано:

Ақтөбе облыстық соты бүгін Facebook парақшасында Ресей президенті Владимир Путинді сынаған жазбаларына бола айыпталып, үш жылға сотталған блогер Санат Досовқа шығарылған сот үкімін өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды  NUR.KZ.

Ақтөбе қалалық №2 сотында Санат Досовқа қатысты процесс 29 қарашада басталды. Құзырлы органдар блогерді өткен жылдың соңынан бастап бақылаған. Ол Ресей Федерациясы президенті жайлы ақпараттарды өз парақшасында тұрақты түрде жариялаған. Сондай-ақ, ол президенттің жеке басына тіл тигізіп, оның саясаты туралы пікір білдірген.

Санат Досовтың өзі Владимир Путинді қорлайтындай ойы да болмағанын айтты. Алайда адвокаттың айтуынша, ол бірең-сараң жазбаларды жариялағанын мойындады. Ал қалған жазбаларды ол емес, хакерлер жазып қойған деп ақталған.

Сот процесіне ҰҚК-нің Ақтөбе облысы департаменті қызметкері куәгерлік етті. Оның айтуынша, Санат Досов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына “Путин фашист” деп жазып қойған.

Тергеу органы айыпталушы азаматқа Қазақстан қылмыстық кодексі 174 бабының 1 бөлімі бойынша (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) айып тағып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

Естеріңізге сала кетсек, "алауыздық тудырдыі деген айыппен қамауға алынған қылмыскерлер рахымшылыққа әләне алмайды және мерзімінен бұрын босап шығуға құқысы жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Заттыбектің әр тойдан қанша алатынын естіген тұрғын шалқасынан түсті (фото)

Ким Чен Ынның бауырын қысқа белдемше киген сұлу бойжеткен өлтіріп кетті (видео)

Ақтөбелік имамдар байлар берген садақаны ысырап қылып, көліктерді қиратуда (фото)

Шымкенттік әнші Маржан Тұрлыбаеваны бауырына басып, кейін үйінен қуып жіберген 

Аша Матайға дейін Арман Қоңырдың жүрегін жаулаған ару кім? (фото)

Джеки Чанның жан досы болған қазақ туралы не білеміз? (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1410583-putinge-til-tigizgen-aqtobelik-bloge/

pixel